Жаңа Конституция – дәстүрлерді, мәдениетті және білім беруді дамытудағы жаңа құндылықтар

Жаңа Конституция жобасының басты идеяларының бірі – білім мен ғылымға, мәдениет пен инновацияға айрықша мән берілуі. Бұл еліміздің болашағы минералды ресурстар мен табиғи байлықтарға ғана емес, ең алдымен адами капитал мен азаматтардың зияткерлік әлеуетіне негізделетінін айқындайтын маңызды бетбұрыс.

Ата Заңның жаңартылған мәтінінде адамның шығармашылық еркіндігіне, заманауи техника мен ғылымды дамытуға басымдық берілген. Бұл қағидаттар білім беру саласы үшін де аса өзекті. Өйткені сапалы білім, тең мүмкіндік және тұлғаның жан-жақты дамуы – әділетті қоғам құрудың берік негізі.

Конституция жобасында ғылым мен білімнің рөлін арттыру, мәдениет пен инновацияны қолдау, шығармашылық және зияткерлік әлеуетті дамыту, ұлтаралық келісім мен бірлікті нығайту, ұлттық рух пен бірегейлікті сақтау, сондай-ақ демократиялық институттардың маңызын нақтылау бағыттары айқын көрініс тапқан.

Жаңа Конституция еліміздің ұлттық болмысын, тарихи тәжірибесін және қоғамдық құндылықтарын алдыңғы қатарға шығарады. Бұл – жай ғана декларация емес, халқымыздың кім екенін және қай бағытта дамитынын заң жүзінде бекітетін маңызды құжат.

Диана АХМЕТЖАНОВА,

«Ыбырай Алтынсарин атындағы тірек мектеп (РО)» КММ,

бастауыш сынып мұғалімі, педагог-модератор,

директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары