Жаңа міндеттер мен мүмкіндіктер

Қарағанды облысында Қазақстан халқы Ассамблеясының жұмысына жастар тартылады. Сонымен қатар жас ұрпақты тәрбиелеп, әлеуметтік жат қылықтармен күресу мәселелеріне көбірек назар аударылмақшы.

2025 жылы Қазақстан халқы Ассамблеясы 30 жылдық мерейтойын атап өтеді. Бірегей қоғамдық институттың жаңа міндеттері облыс әкімі Ермағанбет Бөлекбаевтың ҚХА мүшелерімен, этно бірлестіктердің басшыларымен өткен кездесуде талқыланды.

Биыл ақсақалдар кеңесінің жұмысы республикалық деңгейде атап өтілді. Оның төрағасы Бекзат Алтынбеков атқарылған істерге толығырақ тоқталып, тың бастамаларды ұсынды. Кеңеске өңірлерден өкілдер тарту тиімді деп санайды. Бұл жастарға үлгі болатын азаматтар болуы керек.

Қарағанды облысы ҚХА Аналар кеңесінің төрағасы Айжан Қиясова отбасылық тәрбиенің рөлі туралы айтты.

– Республикалық Аналар кеңесі «Өзіңнен баста» науқанын қолдады. Балаларға жас кезінен бастап заңға бағыну қажеттігін санасына салмақтау маңызды. Яғни, құқықтық тәртіп туралы дұрыс түсінігі болуы үшін аймақтық деңгейде біз бұл жұмысты жүргізуге ниеттіміз, – деп атап өтті Айжан Қиясова.

Облыс ҚХА ғылыми-сараптамалық тобының төрағасы Вилен Молотов-Лучанскийдің айтуынша, жастармен жұмыс жасау кезінде кері байланыспен тікелей диалог маңызды.

– Біз отырыстардан тікелей қарым-қатынас жағына шықтық. Көптеген кездесу мектеп оқушыларымен де өткізілді. Қоғамдық және саяси тақырыптар бойынша зерттеулер, экспедициялар, конференциялар да жалғасады, – дейді ол.

Белгілі кәсіпкер Шамиль Осин «Жомарт жан» орталығының жетекшісі. Ол ассамблея мүшелерінің қайырымдылық қызметі туралы айтты. Олар су тасқынынан зардап шеккен отбасыларға үлкен көмек көрсеткен. Сондай-ақ, әлеуметтік маңызы бар жобаларды жүзеге асырудан да тыс қалмайды.

Ермағанбет Бөлекпаев облыстағы 68 мектептің жаңғыртуға таңдалып алынғанын хабарлады. Олар жайлы білім ошағы деңгейіне жететін болады. Күрделі жөндеу жұмыстары жоспарланған. Үш жыл ішінде толық жаңартылады деп күтілуде. Облыс әкімі кәсіпкерлерді осы іске қосылуға шақырды.

2025 жылы облыста меценаттардың Республикалық форумы өткізіледі. Кездесуде білім беру, мәдениет, жастарға патриоттық және адамгершілік тәрбие беру, мемлекеттік тілді дәріптеу бойынша басқа да көптеген ұсыныс айтылды.

Достық үйінде театр студиясын ашу ұсынылды. Этно бірлестіктердің ұжымдары халық шығармашылықтарын және сұлулығын әспеттей алады.  Кейін күллі облыс бойынша гастрольге жібере алады.

– Барлық ұсыныспен жұмыс жасайық. Алда Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы. Бұл айтулы күн. Біз осы датаға белсенді дайындалуымыз керек. Ұйымдастырылатын шаралардың практикалық маңызы болуы тиіс, – деп атап өтті Ермағанбет Бөлекпаев. – Сіздер қазір айтып өткеннің бәрі – ҚХА-ның XXXIII сессиясында Мемлекет басшысының сөздерін растау: «Ассамблея ұлттың құндылықтары мен ынтымақтастығының тиімді жолсерігі екенін тағы да дәлелдеді». Барлық жобаға жастарды белсенді тарту қажет. Бұл ҚХА жұмысының басты құрамдас бөлігі болуы тиіс.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *