1 сәуірде ЖЭО-3-те жаңа жылу маусымына дайындық жұмыстары басталды. №1 қазандық агрегаты мен №1 жылу агрегатына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіледі.
Жұмыс жылу көзінің жұмысына әсер етпейді. Олар бір айдың ішінде аяқталады деп жоспарлануда. Осы уақыт ішінде энергетиктер бұрын анықталған бұзушылықтарды жояды.
Nº 1 қазандык агрегатында қыздыру бетін, арматура мен ақаулы учаскелерді жендеу, күлтұткыш қондырғыларды қалпына келтіру, айналмалы механизмдерді жендеу, окшаулауды монтаждау көзделген.
Турбинада кейіннен гидродинамикалык тазарту жүргізіліп, жылытқыштар мен конденсаторларды жөндеу жузеге асырылады, жабдығына тексеріс жене жөндеу жүргізіледі, турбинаның, жекелеген беліктерін ауыстырады және қалпына келтіреді.
2024 жылғы жөндеу науқаны аясында Қарағандыда ЖЭО-1 мен ЖЭО-3-те 6 ай ішінде жалпы 13 қазандық агрегаты, 10 турбоагрегат жене 3 су жылыту қазандығы жөнделеді.
Күрделі жөндеу бағдарламасына 4 қазандық агрегаты, 2 турбина кірді, екі турбоагрегатта кенейтілген ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіледі.
Жөндеу науқанын жүргізу үшін станциялар қажетті қосалқы бөлшектермен және жабдықтармен қамтамасыз етілген.