Жадымнан шықпас өсиет

Қарағанды облыстық «Қазақ тілі және мәдениеті»  қоғамдық бірлестігінің мүшесі Серік Мұстафин Саран қаласындағы Абай Құнанбайұлы атындағы мектепте жазба диктант ұйымдастырды.

Диктант 10-сынып балалар арасында өзгеше форматта өтті. Біріншіден тақырыбы анықталып, 230 сөзден құралған мазмұны оқылды. Оқушылар болса  мұқият тындап жазды. Диктанттың мақсаты –  балалар үш сұраққа жауап беру арқылы ізденістерін дамыту.

Бірінші  кітап авторы кім және атауы қалай? Екінші басты кейіпкерді табу болса, үшінші рухани бағытытты атау.

Жауабы табылған соң  Бауыржан Момышұлының «Ұшқан ұя»  кітабын үш бағытта талқылады. Яғни туғанынан соғысқа дейінгі кезең, соғыс кезеңі, жаңа кезең.

Талқылау мазмұнды өтті, сұрақ қойылып, жауап алынды.

Сонымен қатар кітап көрмесі ұйымдастырылды. Оқушыларға Абайдың «Қара сөздері» атты кітапшалар таратылды.

Әділ БЕК