Жалғасын тапқан жаңашыл сабақтар

Қарағанды қаласы білім бөлімінің жылдық жоспарына сәйкес,  қала мектептерінде дәстүрлі түрде қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша (оқыту қазақ тілінде емес)  «Инновациялық аймақтағы сабақ» фестивалі өтуде.

Фестивалдың мақсаты – Қазақстан Республикасының «Білім туралы», ҚР «Тіл туралы» Заңдарын және «Тілдік білім беруді дамыту» бағдарламасының аясында пән мұғалімдерінің кәсіби, әдістемелік шеберліктерін дамыту, оқыту үрдісін жетілдіру, тәжірибе алмасу.

Аталған шараның білім ошақтарында өтілуіне тікелей мұрындық болып отырған тіл жаңашырлары, яғни қала мектептеріндегі оқытуы қазақ тілінде емес қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері.

Фестиваль мектеп басшыларының бекіткен арнайы жоспары бойынша өтіледі. Аталған шараға әрбір мектептен пән мұғалімдері барып, екі ауысымдағы ашық сабақтардың өтілу барысына қатысады. Пән мұғалімдері өткізетін ашық сабақтарында білім бөлімі басшысы Есентай Мұқатайұлының қолдау көмегімен «Қазақ тілін шет тілі ретінде оқыту» курсында оқыған әдіс-тәсілдерін жүйелі қолданудың шеберлігімен бөліседі. Әдіс-тәсілдер оқушының жас ерекшелігіне және сабақтың құрылымына қарай таңдалып алынады. Өздерінің кәсіби шеберліктерімен қоса әдістемелік жұмыстарын ұштастыра тілдің оқыту үрдісін шет тілі ретінде меңгертудегі жеделдікті және жылдамдықты жақсы меңгеріп сабақ беру барысында ұштастырудан шеберлік сабақ үлгілерін көрсетеді.

Сабақ беру кезінде сол курс бойынша тілді тиімді оқыту әдістерін, рецептивті тілдік дағдыларды оқыту әдістерін тыңдалым және оқылым дағдыларын жете пайдаланылады. Сол сияқты айтылым мен жазылым дағдыларында продуктивті тілдік дағдыларды оқыту әдістерін барынша мазмұнды да, жүйелі түрде пайдалана біледі. Тіл үйретудегі тілдік орта қалыптастырудағы қомақты жұмыс  жаңа сөздерді үйрету әдістерін, әріптестер бұл  әдісті де тартымды меңгеріп алғандары байқалады. Тілдік бағдар оқыту әдістері де жеңіл және оқушының түсінуіне ыңғайлы жағдай жасалынған.

Ашық сабақтан соң әріптестер әдістемелік тұрғыдан өтілген сабаққа сараптама, талдау жасап, ұсыныстарын айтып, пікір алмасады.

Жаңашыл инновациялық сабаққа келген қала мұғалімдері озық педагогикалық тәжірибеге сүйенген, оқушылардың логикалық жүйелілігін ескере отырып бағалайтын құнды шеберлік сабақтарынан үлгі алуда. Фестиваль сабақтары білім сапасын тереңдетілу жағдайын, білім алушылардың  танымдық дамуын анықтайтын және оқыту, тәрбиелеу, дамытуға барлық мүмкіндікке жол ашады. Сол сияқты шараға қатысушылар әдістемелік қоржындарын толықтырып, құдды тәжірибе алмасу алаңында болғандай рухани құндылыққа толы жаңа әдіс сабақ үлгісімен бөліседі.

Төлеубике БАЙЖІГІТОВА,

Қарағанды қаласы білім бөлімінің

Әдістемелік кабинет меңгерушісі

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *