Қарағанды тұрғындарына TURAQTY JOL экологиялық акциясы аясында ұйымдастырылған жаһандық жалпыұлттық сенбілікке қолдау көрсетуге шақырады. Шара 29 маусымда сағат 10.00-де өтеді.
Қарағандыда ауқымды тазалық шарасы Жамбыл көшесі мен Ю. Гагарин атындағы алаңның аумағында өтеді. Оған барлық ниет білдірушілер қатыса алады.
Ұйымдастырушылардың идеясына сəйкес, бұл күні аумақтарды тазарту елдің барлық аймақтарында бір уақытта өтеді. Бұл жанашыр тұрғындар үшін өздерінің азаматтық ұстанымдарын көрсетуге жəне экологияны жақсартуға үлес қосуға жақсы мүмкіндік. Жиналған қоқыс қайта өңдеуге жіберіледі.
Сенбілікке қатысу үшін 26 маусым күні сағат 12:00-ге дейін келесі сілтеме бойынша өтініш беру қажет: docs.google.com/forms/d/e. Қосымша ақпарат жəне БАҚ аккредиттеу үшін +7–775–653–52–73 (WhatsApp қол жетімді) нөмірі бойынша хабарласуға болады.
TURAQTY JOL — мəдени, адамгершілік жəне экологиялық құндылықтарды сіңіру арқылы өскелең ұрпақты туған өлкеге ұқыпты қарауға тəрбиелеуге бағытталған білім беру бастамасы. Бұл бағдарлама ЦентрКредит Банкінің бас серіктес жəне «Шеврон» компаниясы ресми серіктесімен ынтымақтастықта ЮНЕСКО Клубтарының Қазақстандық Ұлттық Федерациясы табысты іске асырған жобаның төрт циклінің жалғасы болып табылады.
Бастама ҚР ЮНЕСКО жəне ИСЕСКО істері жөніндегі ұлттық комиссиясының, Алматыдағы ЮНЕКСО Өңірлік кеңсесінің жəне Қарағанды əкімдігінің қолдауымен жүзеге асырылуда