Жаныңда жүр жақсы адам

«Жақсының жақсылығын айт нұры тасысын» деген дана халық. Кейде жанымызда жүрген жақсы адамдарды дәріптей алмай жатамыз. Айтатынымыз да, көретініміз де қоғамдағы кереғар дүние, әйтеуір. Бүгін мен Абзал атты адал азамат жайлы айтқым келіп тұр.

Күн жексенбі болатын. Асықпай ұйқыны қандырып далаға шықтым. Есік алдында  таныс жігіт ұшырасты. Аты Абзал, көрші үйде тұрады. Амандық-саулықтан кейін:
«Әдеке, әмиян тауып алдым. Ішінде 140 мың теңге, каспий картасы, жеке құжаты бар екен. Содан таныстар арқылы иесі табылды. Күтіп тұрмын», – дейді.

Сөйтсем, Абзал таңертең велик теуіп жүрген екен. Аулаларда жүйткітіп жүріп, жерде жатқан әмиянды көреді. Басында «біреу лақтыра салды ма?» деген оймен өтіп кетеді. Қайта келе жатқанда көзі қайта түседі. Неде болса тоқтап алып қараса, ішінде қомақты ақша, ер азаматтың құжаты, каспий картасы тағы бар.

Содан Абзал куәліктегі адамның атын жазып, «танитындар болса хабарлассын» деген мәтінде ватсаптағы чаттарға жазады. Ойлағанындай бірнеше уақыт өткенде әмиян иесі де табылады.

Кешке аулада тағы кездесіп қалдық. «Әмиян иесі келіп алып кетті!» деді ол.

Риза болдым,«Абзалдай адал азаматтар көп болсын» деген ниетпен сіздермен бөлісіп отырмын.

Әдебиет БЕЛГІБАЙҰЛЫ

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *