ЖАНЫҢДА ЖҮР ЖАҚСЫ АДАМ

Адамның адамшылығы — ақыл, ғылым, жақсы ата,

жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан басталады.

АБАЙ

 

Қазақстан Республикасы Журналистер одағының мүшесі, еңбекқор, бауырмал,  кішіпейіл, ашық мінезді Рымтай Шөкейқызын көптен білеміз. «Рухани жаңғыру» бағдарламасына сәйкес апамыздың шығармашылық өмірі туралы республикалық және облыстық газеттерде «Өмірі өнегелі», «Өнегеге толы өмір» атты мақалалар жарық көрген.

Кезінде Қарағанды қаласындағы Киров аудандық әкімшіліктің «Тіл басқармасы» бөлімінде абыройлы еңбек етіп, аудандағы жасалынып жатқан «Тіл туралы» жаңалықтарды басылымдарда жариялап отырды.

«Еңбегімен еңселі», «Адам денсаулығы – қоғам байлығы», «Мәдениет»ошақтарында», «Мейір»,  «Талаптыға нұр жауар», «Мамандығым – мақтанышым», «Ғибрат», «Жақсының жүзі жарқын», «Бала – болашағымыз», «Ақ желекті абзал жандар», «Азамат келбеті», «Өнеге»  айдарларымен және тағы басқа да көптеген мақалалары газет, журнал  беттерінде жарияланды.

Рымтай Шөкейқызы Қарағанды қаласындағы облыс әкімі жанындағы мемлекеттік және білім беру кызметкерлерінің біліктіліктерін арттыру және қайта даярлау институтында «Іс қағаздарымен электрондық құжат айналысын мемлекеттік тілде жүргізу» тақырыбы бойынша мерзімді оқудан өтіп Сертификатты жоғары кәсіби маман дәрежесін алған, білуге кұштар, жаны жайдарлы, бауырмал жан.  Облыстағы мекемелерде аудармашылық қызметтерді де атқарған. Өзге ұлттар арасында мемлекеттік тілдің құдіреті мен қадірін саналарына дарытып, дамыту, сөйлету мақсатында әртүрлі ісшаралар мен конкурстар жүргізіп, облыс көлемінде өтетін атаулы мерекелерге қатыстырып, көптеген тәлімді жұмыстар атқарылуына белсене қатысқан мәртебелі аяулы тұлға. Қарағанды облысының әкімдігі, Қарағанды облысының Тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының «Үздік аудармашы» облыстық конкурсына да қатысып жүлделі орынды иеленген. Бірнеше Алғыс хаттармен, дипломдармен, мадақтама грамота мен бағалы сыйлықтармен марапатталған жан-жақты өнегелі маман, тіл жанашыры.

«Жақсының жүзі – жарқын» демекші, қазір зейнеткер болса да Қарағандыдағы облыстық, аудандық «Қарқаралы» газеттері мен республикалық ғылыми-әдістемелік «Педагог», «Білім кілті – ключ знаний»,  «Мектептегі психология – Психология  в школе», «Мектептегі мерекелер» журналдары мен бірге республикалық «Үшқоңыр» деп аталатын әдебиет, мәдениет және өнер газетіне, облыс көлемінде болып жатқан жақсы жаңалықтарды жазып жүрген белсенді қаламгер.

Отбасында Сардар атты баласы музыкант, спорт шебері болушы еді. Жол апатынан өзге ұлт баласын құтқарамын деп, өзі мерт болды. Қыз баласы Самал жоғары білікті кәсіби маман. Күйеу баласы Марат та жоғары білімді, абыройлы азамат. Немерес іСұңқар атына заты сай, аттың құлағында ойнайтын көкпаршы. Жиендері Диляра биыл оқу бітірген келешегі зор жеткіншек. Даянасы би өнерінің бірнеше дүркін жеңімпазы, балабақшаға барып жүрген Данарасы да өнерлі балапан.

Гүльмира ҚАБЫЛДАҚЫЗЫ,

Қарлығаш ЫРЫСБЕКҚЫЗЫ,

жоғары санатты ұстаздар.

Қарағанды қаласы

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *