«Жас шебер» республикалық байқауы өтті

Өткен аптада Қарағанды облысы білім басқармасының қолдауымен және  «Talap» КЕАҚ  бекіткен  Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжі  жанындағы оқу-әдістемелік бірлестіктің жоспарына сәйкес алғаш рет «Көркем еңбек»  мамандығы бойынша ТжКББ ұйымдарының студенттеріне  арналған  «Жас шебер»  республикалық байқауы өткізілді.

Байқауға Оңтүстік Қазақстан, Атырау, Маңғыстау, Абай, Батыс Қазақстан, Қызылорда облыстарынан келген 21 дарынды студенттер қатысып, «Графика», «Кескіндеме», «Сәндік-қолданбалы өнер» бағыты бойынша өз шеберліктерін көрсетті.

Ашылу салтанатында Қарағанды облысы білім басқармасының Техникалық және кәсіптік білім бөлімі басшысының м.а., қазылар алқасының төрайымы Дуанбекова Мадина, Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжінің директоры, ОӘБ төрайымы Уатаева Гүлмира қатысушыларға сәттілік тілеп, шығармашылық табыс тіледі.

Байқау жұмыстарына төрелікті Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды Ұлттық зерттеу университетінің (ҚарҰЗУ) «Бейнелеу өнері және дизайн» кафедрасының жетекші ғалымдары мен профессорлары: п.ғ.к. С.А.Кипшаков, п.ғ.к. А.Ш.Манабаева, п.ғ.м. М.С.Калмаханов (ҚР Суретшілер одағының мүшесі) және «№2 лицей» директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Ж.К.Дюсембина бастаған жоғары білікті мамандардан құралған қазылар алқасы жасады.

 

Жеңімпаздар:

  1. «Графика» аталымы бойынша:

І-орын Халелова Аида, Маңғыстау облысы, Бейнеу гуманитарлық колледжі. Жетекшісі: Алдабергенова Б.

ІІ-орын Ашкенова Жанель, Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжі, Жетекшісі: Избасаров Д.И.

ІІІ-орын Өзбекбай Нұрасыл, М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжі.

  1. «Кескіндеме» аталымы бойынша:

І-орын Идеят Гауһар, Қ.Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжі. Жетекшісі: Бозжігітов Е.С.

ІІ-орын Ұзақбай Ақнұр, Маңғыстау облысы, Бейнеу гуманитарлық колледжі. Жетекшісі: Алдабергенова Б.

ІІІ-орын Кикбаев Ислам, Батыс Қазақстан облысы, Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжі. Жетекші: Жонкарбаева Ж.Ж.

  1. «Сәндік-қолданбалы өнер» аталымы бойынша:

І-орын Төретай Сандуғаш, Ө.Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің жанындағы Ж.Аймауытұлы көпсалалы колледжі. Жетекшісі: Дуйсебекова Л.С.

ІІ-орын Жубанов Колдас, Маңғыстау облысы, Бейнеу гуманитарлық колледжі. Жетекшісі: Орынбасаров Ә.

ІІІ-орын Назарбекова Арай, Абай облысы, М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжі. Жетекші: Болганбаева Г.Б.

Барлық қатысушы мен жетекшілерді жеңістерімен құттықтаймыз!

Дархан ИСАТАЕВ,

«Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжі» КМҚК директордың ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасары, тарих және әлеуметтік-саяси пәндер оқытушысы