«Жазғы оқу қаласы» ашылды

Кітап жаңалықтары, ойындар мен викториналар – Қарағандыда   дәстүрлі  «Жазғы оқу қаласы»  оныншы рет есігін ашты. Пайдалы және көңілді шараны ұйымдастырушы – Н.В. Гоголь атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапхана.

Кітапхана ауласында (орталық кіреберісте) өлкетану алаңы ұйымдастырылады. Зияткерлік және қимыл-қозғалыс ойындары жоспарланған. 3D басылымдарына шолулар дайындалды. Кітапханаға тегін жазба ашылды.

«Оқу қалаға» 11 маусымнан 15 тамызға дейін (әр сейсенбі және бейсенбі) сағат 11.00-ден 16.00-ге дейін баруға болады.

Кіру тегін.

Кітапхана мекен-жайы: Ерубаев көшесі, 44.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *