Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, 2025 жылдың басты қорытындысы – еліміздің реформаларды жүйелі әрі бірізді түрде жүзеге асыруға нық бет бұруы.
Бұл бағыттағы қадамдар мемлекеттік басқаруды жаңғыртуға, экономиканың орнықты дамуын қамтамасыз етуге және азаматтардың өмір сапасын арттыруға бағытталған. Реформалар – уақыт талабы ғана емес, ел болашағына жасалған жауапты таңдау.
