6505 әскери бөлімінде 450 сарбаз салтанатты түрде әскери ант қабылдады

2025 жылғы 12 шілде күні Қарағанды қаласындағы Ұлттық ұланның «Орталық» өңірлік қолбасшылығына қарасты 6505 әскери бөлімінде салтанатты әскери ант қабылдау рәсімі өтті. Іс-шараға еліміздің әр өңірінен жиналған 450-ге жуық жас сарбаз қатысты.

Бұл — олардың әскери өмірге алғашқы қадам жасап, Отан алдындағы қасиетті борышын өтеуге берген серті. Әскери ант – әрбір жауынгер үшін үлкен жауапкершілік пен адалдықтың белгісі. Осы күні сарбаздар өздерінің Қазақстан Республикасына және халқына шексіз қызмет ететінін ресми түрде мәлімдеді.

Салтанатты іс-шараға сарбаздардың ата-аналары, туыстары мен жақын достары арнайы шақырылды.

Рәсім барысында әскери бөлім командирі мен шақырылған қонақтар сарбаздарға жылы лебіздерін білдіріп, әскери қызметтің абыройлы әрі маңызды міндет екенін атап өтті.

– Әскери ант – бұл жай ғана рәсім емес, бұл – әр сарбаздың жүрегіне жазылатын серт. Отан қорғаушы болу – ерлік пен табандылықты, батылдық пен адалдықты талап ететін асыл міндет, – деді әскери бөлім командирі полковник Мақсат Қырғызбаев.

Сонымен қатар, өнерпаз сарбаздар патриоттық әндер шырқап, мерекелік концерттік бағдарлама ұсынды.Салтанатты шара аяқталған соң ата-аналармен әскери бөлім командирі сұқбат жүргізіп, сарбаздарды сейілдемеге жіберді.

ҚР ІІМ ҰҰ “Орталық” Өңірлік қолбасшығының Баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *