ONAY!-мен төлеу – оңайырақ

3 ақпаннан бастап Қарағанды, Балқаш, Теміртау, Саран және Шахтинск қалаларында ONAY!QR пайдалана отырып, банктік қосымшалар арқылы қоғамдық көлікте жол ақысын төлеудің қосымша тәсілі енгізілді.

Енді жолаушылар автобустарда орналасқан ONAY!QR-стикерлерді сканерлеу арқылы немесе көлік кодты қолмен енгізіп Halyk және Kaspi банктерінің мобильді қосымшалары арқылы жол ақысын төлей алады.

Жаңа функционал ONAY! сервистерін цифрландырудың шеңберінде енгізілді және жол ақысын төлеудің қолданыстағы мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған. Сондай-ақ жолаушыларға ONAY! көлік карталары – виртуалды және бірыңғай стандартты тарифпен және жеңілдігі бар карталары, мобильді қосымша және ұялы телефон балансынан SMS арқылы төлеу – әдеттегі төлем құралдары қолжетімді екенін ескертеміз.

«Жүйені Қарағандыда, кейін облыстың өзге қалаларында енгізген сәттен бастап өткен 4 жыл ішінде біз жолаушыларға, тасымалдаушыларға және жергілікті атқарушы органға түсінікті әрі қолайлы модель қалыптастырдық. Жүйе күнделікті пайдалануда өзінің тұрақтылығы мен тиімділігін дәлелдеді. Біздің жүйе және оның барлық компонентті үнемі дамып келеді. ONAY! инфрақұрылымына Kaspi және Halyk мобильді қосымшалары арқылы төлем тәсілдерінің енгізілуі жолаушылар үшін жолақысын төлеу үдерісін одан әрі жеңілдетуге бағытталған кезекті қадам. Біздің командамыз күн сайын жолаушылар үшін қоғамдық көліктегі сапарды барынша қолжетімді етіп, төлем процесін қарапайым әрі ыңғайлы ету бағытында жұмыс істейді», – деп атап өтті «Алматы қаласының Көлік холдингі» Қарағанды облысы бойынша филиалының директоры Андрей Мустопуло.

Естеріңізге сала кетейік, ONAY! жүйесі Қарағандыда 2021 жылдың желтоқсанында енгізілді. Іске қосылған сәттен бастап қазіргі уақытқа дейін Қарағанды облысында бастапқы шығарылым мен қайта шығаруды қоса алғанда, әртүрлі санат бойынша 326 мың жеңілдік картасы шығарылды. Сондай-ақ, аталған кезеңде халыққа қызмет көрсету орталықтарында азаматтардың 236 мыңнан астам өтініші өңделді.

Бүгінгі таңда Қарағанды облысының бес қаласында 22 автопарк 121 маршрут бойынша тасымалдауды қамтамасыз етеді. 955 автобус пен 7 трамвайда 1 900-ге жуық ONAY! көлік терминалы бар, қоғамдық көлікте 6 мыңға жуық ONAY!QR стикерлер орналастырылды.