Header Banner

ҚЫЗМЕТТІК ӘДЕП ЖӘНЕ ЗАҢНАМА ТАЛАПТАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Департамент басшысының орынбасары Данияр Абдрахманов Қазыбек би ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының мемлекеттік қызметшілері арасында түсіндірме жұмыстарын өткізді.
Кездесу барысында ол сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шаралары, қызметтік әдеп нормаларын сақтау, мемлекеттік қызметшілердің жауапкершілігі мен міндеттері, сондай-ақ қолданыстағы заңнама талаптарын түсіндіру мәселелеріне кеңінен тоқталды.
Жиын соңында қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берілді.