Конкурстық іріктеу қорытындысы бойынша Қарағанды облысының кәсіпкерлік басқармасының басшысы болып Ирина Любарская тағайындалды.
Оның екі жоғары білімі бар. 1995 жылдан бастап мемлекеттік қызметте.
Әр жылдары Қарағанды қаласы Киров ауданы әкімдігінің ішкі саясат секторының бас маманы, Қарағанды қаласы Октябрь ауданы әкімі аппаратының бөлім меңгерушісінің орынбасары, осы аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру-кадр жұмысы бөлімінің бастығы, бөлім меңгерушісі, басшының орынбасары, Қарағанды облысы ішкі саясат департаментінің басшысы қызметтерін атқарды.
2008 жылдан 2010 жылға дейін Қарағанды облысының ішкі саясат басқармасын басқарды. Содан кейін Қарағанды қаласы Октябрь ауданы әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары болды.
2011 жылдан 2019 жылға дейін Қарағанды қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.
2019 жылдан бастап осы тағайындауға дейін Қарағанды облысының еңбек инспекциясы басқармасының басшысы – бас мемлекеттік еңбек инспекторы лауазымын атқарды.
Ирина Любарская түрлі мемлекеттік наградалармен, соның ішінде «Құрмет» орденімен марапатталған.