28 наурызда сағат 20: 30-21: 30 аралығында аймақта ғимараттардың сыртқы жарығы мен ұйымдардағы жарықтандыру сөндірілді. Акцияға 60-тан астам ұйым, соның ішінде 20-дан астам ірі кәсіпорын, 7 сауда орталығы, Музыкалық комедия театры және мемлекеттік мекемелер қолдау көрсетті.
Дүниежүзілік жабайы табиғат қорының қолдауымен 2007 жылдан бері өткізіліп келе жатқан бастама климаттың өзгеруі, биологиялық әртүрлілікті сақтау және экологиялық тұрғыдан жауапты өмір салтын қалыптастыру мәселелеріне назар аударуға бағытталған.
#ЧасЗемли #ТазаКазахстан
