Осы сөздің астарында терең мағына жатыр. Шын мәнінде, адал дос табу – тағдырдың сыйы, ал сол достықты сақтап қалу – үлкен парасаттылық.
Адам баласы әлеуметтік жаратылыс болғандықтан, оның рухани өсуіне, көңіл-күйіне және өмірлік ұстанымдарына айналасындағы адамдар тікелей әсер етеді. Халқымызда «Жақсымен жолдас болсаң – жетерсің мұратқа» деген аталы сөз бар. Бұл жай ғана айтыла салған тіркес емес, бұл – өмірлік тәжірибеден түйілген ақиқат.
Неліктен жақсы дос өмірлік мұратқа айналады? Өмірдің қиын сәттерінде материалдық байлықтан бұрын, сені түсінетін, демеу болатын жанның табылуы маңызды. Жақсы дос – сенің жетістігіңе балаша қуанып, сүрінгенде бірінші болып қол созатын адам. Дос — сенің айнаң. Жақсы дос сені жақсылыққа жетелейді, бойыңдағы ізгі қасиеттерді дамытуға септігін тигізеді. Оның парасаты мен биік адамгершілігі сен үшін өмірлік бағдаршам іспетті. Шынайы дос сенің қателігіңді бетіңе айтып, түзеуге көмектеседі. Мұндай «ащы болса да, шындықты айтатын» досы бар адам адаспайды.
Әкім досым сенің жасың 70-те, бірақ жүрегің мәңгі жас!!! Біздің балалық шағымыз Ақшатау совхозында өтті, біз 1 -8ші сыныпқа дейін бірге оқыдық, жақсы ұстаздардан білім тәрбие алдық. Әкім досым өте байсалды, алғыр, достыққа адал болды. Әкім досым арманшыл еді, сол армандардарының бірі жоғары оқуға түсу еді, арманы орындалып ұстаз болды, жастарға білім беруде, тәрбие-жұмыстар жүргізуде үлкен үлес қосты.
Әкім дос сөзінде тұратын, аманатқа қиянат жасамайтын сенімді дос бола білді. Адамдардың кемшәліктеріне кемшіліктеріңе түсіністікпен қарайтын. Орынсыз даудан қашып, мәселені ақылмен шешеді. Тек дүние емес, көңіл бөлуде де жомарт келеді. «Досы көпті жау алмайды, ақылы көпті дау алмайды». Жақсы досты табу – бір бақыт болса, оған лайық дос бола білу – екі есе бақыт.
Өмірлік мұрат дегеніміз тек мансап немесе байлық емес. Ол – соңыңнан еретін ізгі істерің мен жаныңда жүрген адал адамдар. Сондықтан, жақсы досты қадірлеу және өзің де біреуге жақсы дос бола білу – нағыз адамдық борыш.
Әкім өте адал, қарапайым, жомарт жан. Ақсу селосында мектеп директоры болған кезде үйінде болганда, жаны қалмай өте жақсы күтіп алды.
Қарағандыдағы үйінде де, Роза екеуіде құшақ жая қарсы алды, біздің тойдарға келіп, құда болып талай қыдырғанбыз, Павлодарға қуда болып та барды.
Досым Әкім, сен 70 жасқа келдің, 1-8 сыныпта бірге оқып, өмірдің қызығы мен қиындығын бірге өткерген досыңмын. Туған күнің құтты болсын, жасың ұзақ болсын, зор денсаулық, бақыт тілейміз.
Өмір жолында бірге аттаған досыңды еңбегіңмен, ақылыңмен, бақытыңмен қуантқаның үшін рақмет!
Досың Қарпық ОМАРОВ,
Астана қаласы
