СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ, БЮРОКРАТИЯДАН АРЫЛТУ ЖӘНЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МӘДЕНИЕТТІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ БАҒЫТЫНДАҒЫ ЖҰМЫСТАР ТУРАЛЫ

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ, БЮРОКРАТИЯДАН АРЫЛТУ ЖӘНЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МӘДЕНИЕТТІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ БАҒЫТЫНДАҒЫ ЖҰМЫСТАР ТУРАЛЫ

2026 жылдың 1-тоқсанында Қарағанды облысында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, мемлекеттік аппаратты бюрократиядан арылту және қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілді.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау мақсатында Сот сараптамалары институтына сыртқы талдау басталып, мемлекеттік сатып алулар, сараптама жүргізу және қызметтер көрсету салаларында бірқатар тәуекелдер айқындалды.
Сонымен қатар, мемлекеттік сатып алуларға жүргізілген мониторинг барысында заң талаптарын сақтамау, артық біліктілік талаптарын қою және бюджет қаражатын тиімсіз пайдалану фактілері анықталды.
Мәдениет саласы бойынша мониторинг нәтижесінде 3 ұсыным беріліп, толық орындалды.
Бюрократиядан арылту бағытында 30 кейс қаралып, қосымша 5 жоба әзірленді. Мемлекеттік органдар қызметіндегі артық және қайталанатын функцияларды жою бойынша 5 ұсыныс енгізілді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында 53-тен астам іс-шара өткізіліп, 6 мыңға жуық адам қамтылды.
Облыс әкімінің қатысуымен өткен ведомствоаралық комиссия отырысында денсаулық сақтау және құрылыс салаларындағы тәуекелдер қаралып, 7 ұсыным әзірленді.