Құқықтық тәртіп

Қоғамдық орындарда қылмыстың алдын алу, жолын кесу мақсатында Қарағанды-Сұрыптау станциясындағы Көліктегі полиция басқармасы аумағында ағымдағы жылдың 27-29 сәуір аралығында «Құқықтық тәртіп» жедел профилактикалық шарасы  мен теміржол объектілерінде жазатайым оқиғалардың алдын алуға бағытталған «Теміржолда өзіңді сақта!» акциясы өткізілді.

Аталған шара барысында көлік объектілеріндегі қауіпсіздікті сақтау бойынша теміржол ұйымдарында, теміржолға жақын елді-мекендердегі халыққа және жолаушылар поездарындағы жолаушыларға кең көлемді түсіндіру жұмыстары жүргізіліп,халыққа «заң мен тәртіп» қағидасы аясында заңбұзушылықтарды жасамауға әсіресе қоғамдық орындарда тәртіпті сақтау бойынша ақпараттарды жеткізу жұмыстары өткізілілді.

Сонымен бірге білім беру ұйымының оқушыларына «теміржол – қауіпті аймақ» және «теміржол объектілеріндегі қауіпсіздік ережелерін сақтау» тақырыптарында дәрістер мен түсіндіру жұмыстары кең көлемде жүргізілді. Әсіресе балалардың түнгі уақытта заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз тұрғынжайдан тыс жерде болуы деректеріне жол берілмеуі, балаларды қараусыз қалдырмауы бойынша ата-аналар ескертілді.

Қарағанды-Сұрыптау станциясы Көліктегі полиция басқармасы тұрғындарды заң талаптарын қатаң сақтауға және қоғамдық тәртіпті бұзбауға шақырады.

 

Қарағанды-Сұрыптау

станциясы Көліктегі

полиция басқармасы

Ақпараттық саясат тобы