Қарағанды облысында Жеңіс күніне орай ардагерлерге материалдық көмек төленеді. Қолдау шаралары өңірдің 2,1 мыңнан астам тұрғынын қамтиды. Майдангерлерге 5 млн теңгеден беріледі.
Аппараттық кеңесте жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Ғалымжан Спабековтің айтуынша, бүгінде облыста Ұлы Отан соғысының 6 қатысушысы тұрады: олардың бесеуі Қарағандыда, біреуі Осакаровка кентінде.
Тыл еңбеккерлерінің саны – 2029. Олардың әрқайсысына 100 мың теңгеден төленеді.
Сонымен қатар қолдау басқа да санаттағы азаматтарды қамтиды:
— концлагерь тұтқындары мен қоршаудағы Ленинград тұрғындарына – 200 мың теңгеден (33 адам);
— қаза тапқан жауынгерлердің жесірлері мен жұбайларына – 50 мың теңгеден (89 адам).
Материалдық көмек сәуір-мамыр айында аударылады. Бұдан бөлек, ардагерлерге шипажай-курорттық ем алуға қолдау қарастырылған – қажетті қаражат жергілікті бюджеттерде көзделген.
