Қарағанды қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі облыс орталығының дизайн-кодын әзірлеу аясында тұрғындарды сауалнамаға қатысып, қаланың болашақ келбетін қалыптастыруға өз үлестерін қосуға шақырады.
Дизайн-код – қалалық ортаның біртұтас сәулеттік және көркемдік келбетін айқындайтын қағидалар мен ұсынымдар жүйесі. Оның басты мақсаты – Қарағандының өзіндік ерекшелігін сақтай отырып, қалалық кеңістікті тұрғындар үшін жайлы, қауіпсіз, заманауи әрі тартымды ету.
Зерттеу барысында мамандар тұрғындардың Қарағандының бүгінгі келбеті туралы пікірін, қаланың айшықты орындарына қатысты көзқарасын, қалалық ортадағы өзекті мәселелерді қалай бағалайтынын және облыс орталығын болашақта қандай күйде көргісі келетінін анықтауды көздейді.
Сауалнама қорытындылары Қарағанды қаласының дизайн-коды тұжырымдамасын әзірлеуге негіз болады. Сондықтан әрбір тұрғынның пікірі маңызды. Жиналған барлық ақпарат жалпыланған түрде өңделіп, тек зерттеу мақсатында ғана пайдаланылады.
Жания ЖҰМАНОВА,
Қарағанды қаласы №66 мектептің 11-сынып түлегі
