Құрметті жерлестер, қадірлі қазақстандықтар!
2026 жылғы 23 тамызда Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлау өтеді.
Халықтық Конституцияға сәйкес, Құрылтай – заң шығару билігін жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының жоғары өкілді органы. Оның құрамына партиялық тізімдер бойынша сайланатын 145 депутат кіреді.
Бұл – еліміздің қоғамдық-саяси өміріндегі маңызды әрі тарихи кезең. Құрылтайдың қалыптасуы мемлекетіміздің жаңа даму кезеңінің басталуын білдіреді.
Осыған орай, барша қала тұрғындарын сайлауға белсенді қатысып, өздерінің конституциялық құқықтарын жүзеге асыруға шақырамын.
Әр азаматтың таңдауы – ел болашағына қосқан үлесі. Әрқайсымыздың дауысымыз маңызды! Бірге таңдайық, бірге жаңарайық!
Қарағанды қалалық мәслихатының төрағасы Бөкенов А.Ж.
