23 тамызда Қазақстан тарихында тұңғыш рет Құрылтай депутаттарының сайлауы өтуде. Ел азаматтары өздерінің конституциялық құқықтарын жүзеге асырып, дауыс беруге белсенді қатысуда.
Қарағанды қаласында Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының 6505 әскери бөлімінің мерзімді әскери қызметшілері де сайлау учаскесіне таң сәріден барып, алғашқылардың бірі болып өз таңдауларын жасады.
Қарағанды қаласындағы №8 сайлау учаскесіне келген ұландық сарбаздар белгіленген тәртіпке сәйкес тіркеуден өтіп, сайлау бюллетеньдерін алып, дауыс беру рәсіміне қатысты.
Әскери қызметшілер үшін елдің қоғамдық-саяси өміріне қатысу, азаматтық ұстанымын білдіру және өз таңдауын жасау – маңызды жауапкершілік.
6505 әскери бөлімінің сарбаздары ел болашағына бейжай қарамай, азаматтық белсенділіктерін танытып, өздерінің конституциялық құқықтарын жүзеге асырды.
ҚР ІІМ ҰҰ “Орталық” ӨңҚ Баспасөз қызметі
