Жылжымалы құрамның шұғыл тежеуді қолдануы – адам өміріне, қозғалыс қауіпсіздігіне тікелей қауіп төнгенде немесе апатты жағдайдың алдын алу қажет болғанда қолданылатын ең жоғары тиімділіктегі тежеу режимі болып табылады.
Қазіргі таңда Қарағанды-Сұрыптау станциясы көліктегі полиция басқармасы қызмет ету аумағында мал жаю қағидаларын бұзудың, азаматтардың қауіпсіздік ережелерін сақтамай теміржолдың белгіленбеген жерінен өтуі кесірінен жылжымалы құрамдардың шұғыл тежеуді қолдану деректері тиылмай тұр.
Көлік сақшыларының жүргізіліп жатқан алдын алу іс-шараларына қарамастан жыл басынан жылжымалы құрамның шұғыл тежеуді қолданудың 60 дерегі тіркелген екен. Оның ішінде адамдардың теміржолдың белгіленбеген жерінен өтіп, Қазақстан Республикасының әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 559 бабы «теміржол көлігінде қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ететін қағидаларды бұзудың» 49 дерегі орын алған. Үй жануарларының бақылауынсыз жайылуына жол берген 19 мал иесі Қазақстан Республикасының әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 559 бабы 1 бөлігімен жауапкершілікке тартылса, белгіленбеген жерлерде теміржол арқылы өткені үшін Қазақстан Республикасының әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 559 бабы 5 бөлігімен 8 құқықбұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылған.
Көлік сақшылары «Темір жол аумағы – қауіп қатерге толы аймақ» екендігін тағы ескерте отырып, азаматтарды теміржол маңында қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға, теміржолды өту барысында алаңғасырлық танытпай, берілген барлық дабыл дыбыстарына мән беріп, мұқият болуға шақырады.
Жылжымалы құрамның қозғалысына кедерегі келтіру — теміржол қозғалысындағы жолаушылардың өмірі мен денсаулығына қауіп төнетіндігін естен шығармайық!
Ж.А.САДУАКАСОВА,
Қарағанды-Сұрыптау ст.КПБ АСт инспекторы
полиция майоры
