Сұлтанмахмұт Торайғыров қоғамдағы әлеумет теңсіздігі жөніңде белгілі бір пікірді мықтап ұстаған адам емес. Әйткенмен де қоғамдағы адамдардың теңсіздігі Сұлтанмахмұт шығармасындағы негізгі теманың бірі.
Сұлтанмахмұттың тап тартысына, оның пайда болу себептеріне, осы теңсіздіктің қайда апарып соғатыны жөніндегі қортындысы оның бір ғана өз ойының жемісі емес. Совет өкметі орнап қанауға және (жаңа) езушілікке пролетариат диктатурасы бірінші соққы берген күнге шейінгі қазақ оқығандарының белгілі бір тобының дүниеге көз қарасы. Бұл топқа сөзсіз сол кезде қазақ аулдарында қалыққа адал еңбегін сіңіріп, қалық ағарту ісінде жүрген Сұлтанмахмұттың өзіне ұқсас мұғалимдердің көпшілігі және кейбір жадитшыл оқыған жастар кіреді.
Сұлтанмахмұттың әлеумет теңсіздігінде көз қарасы өзінен бұрынғы болған қай реалис жазушылардан болсын өзгеше, түсінігі анық, терең және идеясы әсерлі болған Сұлтанмахмұттың бұл жөніндегі ойлары Обломовқа ұқсас пассивни қиял емес, ірі саяси қайраткердің ісіне ұқсас, ауылдағы таптық күштерді бағалап, таптың қарым-қатынастарды салмақтаудың нәтижесі.
Ол осыдан револуционни қортынды шығара алмаса да қанау, езуді өзінің әдебиет қызметінің әр кезеңінде әртүрлі бағалап, ол жөнінде әрқилы көзқараста болды. Ақынның ойы қаншалық қайшылықта болғанмен оның әлеумет теңсіздігі жөніндегі идеясын белгілі бір системаға келтіріп, негізді бір ойдың басын ұстауға болады.
Біз бұл статиямызда Сұлтанмахмұт Торайғыровты басты проблеманың бірі деп, оның қоғамдағы теңсіздікке, тап күресіне көз қарасын нықтап, оның әлеуметтік тамырын ашып беруге тырысамыз. Мне бұл мәселені дұрыс және толық шешу үшін Сұлтанмахмұттың аз да болса өміріне және оның творчествосынан бұл идеяның аса кең және өзгеше орын алуға себеп болған өлеуметтік және қоғамдық предпасылкаларға тоқтай кетуіміз керек.
Сұлтанмахмұт 1893 жылы Семей губерниясы, Павлодар уйезі, Ақбеттау болысында, Шоқпыт деген кедей адамның семиасында туып, өседі. Бір жасында шешесі өліп, өгей шешеден жетімдік көреді. Сұлтанмахмұт жасында өте сирек болады, алты жасында әкесінен оқып, арапша еже танып, он екі жасында ауылдағы молдалардан оқып қат таниды. Бұл кездегі балалардың көпшілігі он жыл оқып қара танымайтын болса, Сұлтанмахмұт аса алғыр болғанын көрсетеді.
Міні осы кездің өзіңде-ақ Сұлтанмахмұттың таланты көзге көріне бастайды. Искусствоны жан-тәнімен сүйетін қазақ қалқының бір тамаша жері: еңкейген шалы мен еңбектеген баласына шейін поезияны сүюі. Пушкиннің кезінде дворән жастары арасында бір-біріне өлеңмен қат жазу қандай етек алып жайылған болса, қазақ аулында да біреуді мысқылдап өлеңге қосу, қызға өлеңмен қат жазу, өлеңмен жиын тойда айтысу кең орын алған «Өмірдің есігін ашатын да, жабатын да өлең» (Абай). Қазақтың бұл салты біздің өткен ғасырдағы ақындарымыздың қай-қайсысына болсын үлкен әсер етті. Сұлтанмахмұт: Абай, Нармамбет, Махамбет сияқты қазақ әдебиетінің ұлы классиктарының ең алғашқы мектебі, Жамбыл сияқты қалық ақындарының өмірлік аяулы бесігі осы.
Сұлтанмахмұттың арқасында жасында кедейліктің ершігі аса қатты батады. Ішсе тамаққа, кисе киімге, мінсе атқа жарымаушылық, өгей шешенің тепкісі, жанындағы Шорман секілді бай ауылдың мырзаларының оны духовни езуі, қанауы болашақ ақынның жүрегіне өшпестей етіп таңба салады. Бірақ мұның барлығы да Сұлтанмахмұтты жасыта алмайды, ол жасынан-ақ таймайтын табанды, беттегенін тындырмай тынбайтын ер, жігерлі, қайсар болады.
Сұлтанмахмұт он -тоғыз жасында, 1912 -жылы, ауылға келген жаңашыл жадитшыл Нұрғали деген мұғалимнің үгіттеуімен жаяу жалпы көп қиыншылық көріп Троискидегі «Иауишов» медресесіне оқуға түседі. Осы жылдардан бастап оның өміріне үлкен өзгешіліктер кіреді. Осы жылдары (1912 — 13 ж.) татар буржуазия оқығандарының жадитизмді қолдаған панисламизм үгіттеген Орынборда, Қазанда, т.б. қалаларда шығып тұратын газет -журналдармен танысады. Сұлтанмахмұт әсіресе «Тәржимән» гезеті «Шура» журналын аса көп оқиды. Өйткені, бұл журналдар педагогика қазақ тілі, қазақ тарихы, философия мәселесіне арналған статиялар аса жиы басылып тұратын Махмұттың алғашқы жазылған өлеңдерінің идеясының негізгі штошнигі осы «Шура» журналы.
Сұлтанмахмұт осы күндерден бастап саяси мәселелерге көңіл аударып, түрлі саяси темаларға өлең жазып, саяси күрес майданына шыға бастайды. Шөлдеп келіп ғылымның Сұлтанмахмұт қолына түскен кітапты талғамай оқиды. Енді Сұлтанмахмұт ғылымның Европа қалқында екенін әсіресе орыс тілін білмей ғылымды меңгере алмайтындығын көріп, медресені қойып, семнарияға түсуге талаптанады, бірақ орыс тіліне нашар болғандықтан оған да түсе алмайды. Ол екі ортада ауру килігеді, аш-жалаңаштық тағы қысады. «Бақыт» қуған, ғылымның соңынан түскен, іс іздеген бостандықты мақсат өткен Сұлтанмахмұт:
«Оллахи ант өтемін алла атымен
орыс тілін білмеймін әм хатымен
история, жағрапия, фәнді білмей.
Оллахи тірі болып жүрмеспін мен,
Келгенше осыларды отыз жасқа,
Иншалла бәрін түгел ұғам басқа.
Отыз жасқа келгенше ұға алмасам,
Жер жұтсын мәз болмаймын ішер асқа”
(жинақ 142-бет)
— деп ант береді. Сұлтанмахмұт бірнәрсе қолынан келмей, шамасынан асып қуаты жетпей бара жатса да ешуақытта қайғырмайды, қайта соны орындауға антпен, сертпен кіріседі. Сұлтанмахмұт өмірде ерлік істеуге жасынан шөлдеген табанды қайраткер болуды, бақыт үшін күресті аңсаған ақын. Оның дана ақылы, талаппен шыңдалған таланты идеясыз, ойсыз күн елте алмайды. Сұлтанмахмұт ұлы идеяның иесі болуды көксейді, өйткені оның “қалық” деген ұлы сезімі оның жүрегін аса қатты мазалайды.
Сөзімен баға бермес бұл қалыққа,
іліндім он екімде бұғалыққа.
Елімнің мен шын ұлы екеніме,
Тағдырдың өзі берер куәлікті
(11 -бет)
Сұлтанмахмұт 12 жасынан-ақ өмірден шындықты іздеді. “Сұлтанмахмұт 13 жасында тақуа болады. Тұла бойы толған тұмар мойнында тәсбі, дуалық, аузында зікір, күн шықпай оқығаны намаз, улатқаны “ясин”. Ол дәретсіз жер баспайды, қари болам деп құранның 13 парасына шейін жаттап алады, сырлас жастарына “күллі денем зікір айтқандай болады” деп жүреді. (Сәбит) Сөйтіп ол бала кезінен-ақ, осында тырнақтай шындық бар деген нәрсенің соңында жан-тәнімен аянбай түсіп, оны ең ақыры діннен де іздегені байқалады.
Шындықтың аулын іздеп түстім жолға,
Разымын не көрсем де осы жолда.
Шаршармын адасармын шалдығармын
Бірақ бір табармын деп көңлім сонда.
Міні осы сияқты жігермен, қайратпен, сеніммен қоғам әренесіне шыққан Сұлтанмахмұтқа жадитизм «Ұлтшылдық» кездеседі. Сұлтанмахмұтты бұл сияқты есітпеген жаңалық өрмекшінің торындай шырмай қалады. Ерлікті, істі аңсаған оған, олары табылғандай болады. Сын көзімен қарауға шамасы келмей қалады, олардың ықпалына тез түседі. “Әрине Сұлтанмахмұттың бұл кезде ұлтшылдықтың тар жолына түсіп кетуіне оның саяси сауатсыздығы, жастығы және сол кездегі әлеуметтік жағдай үлкен жер етті.
Серік МҰСТАФИН,
саясаттанушы, Қарағанды облыстық қазақ тілі және мәдениеті бірлестігінің мүшесі
Жалғасы бар
