Қарағандылық «Тұлпар» ШФК бірінші лига командалары арасында футзалдан ҚР чемпионатында жеңіске жетті.
Негізгі нәтиже – Суперлигаға жолдама.
ҚР чемпионаты екі кезеңде өтті. Оған бес команда қатысты: үшеуі Қарағандыдан – «Тұлпар», «Биосфера» және «ТЧЭ-14», Тараздан «Омега» және Алматы облысынан «ҚазГАСА».
Әр топ бір-бірімен ойын өткізген соң бірінші кезеңде «Тұлпар» жеңімпаз атанды. Команда «Биосферадан» 13 ұпайға озып кетті.
«Плей-офф» жүйесі бойынша финалдық ойындар Астанада «Жекпе-Жек» жекпе-жек сарайында өтті. «Тұлпар» – «БиоСфера» ойынының нәтижесі – 3:1.
– Финалда ойын алдымен біз үшін өте жақсы өтті. Біз бірден басымдылыққа ие болдық, – дейді «Тұлпар» командасының жаттықтырушысы Александр Гребонос. – Бірақ содан кейін 2:0 есебімен «Биосфера» бізге «стандарт» соққы жасады, нәтижесінде таразы басы соларға бұрылды. Екінші таймда біз қорғанысқа көп көңіл бөлдік, өйткені біз 5 бұзушылық жасадық. Таймның соңғы минуттарында үшінші гол соғып, ойынға нүкте қойылды. Айта кету керек, ойын шиеленісті болды, біздің қақпашымыз мінсіз ойнады.
«Тұлпар» футболшылары турнирдің екі аталымын жеңіп алды. Артем Аншаков үздік ойыншы, Станислав Васильев – үздік бомбардир атанды.
Жақында қарағандылық «Тұлпар» командасы U15 санатында футзалдан Қазақстан чемпионатында жеңіске жетті.
Алдағы уақытта Алматыда U19 «Тұлпар» командасы футзалдан ҚР чемпионатының қорытынды турына аттанады.