Ерекше балаларға мүмкіндік

Жаңа оқу жылында Қарағанды облысының колледждерінде бес жаңа мамандық бойынша ерекше қажеттілігі бар студенттер үшін сегіз топ ашу жоспарлануда: тамақтануды ұйымдастыру, тігін өндірісі жəне киім үлгілеу, аяқ киім ісі, ғимараттар мен құрылыстарды салу жəне пайдалану, сəндікқолданбалы өнер жəне халық кəсіпшілігі (бейіні бойынша). Қарағанды техникалық-құрылыс колледжінің базасында мүмкіндігі шектеулі жандарды кəсіби даярлау үшін ресурстық орталық іске қосылды. Өңірде мүгедектігі бар жастарды жұмысқа орналастыруға көп көңіл бөлінеді.

Бұл туралы ерекше балалардың ата-аналарына Қарағанды облысының əкімі Ермағанбет Бөлекпаевпен тоқсан сайынғы кездесу барысында хабарланды. Дəстүрлі ашық диалогқа басқарма басшылары, қала жəне аудан басшылары қатысты. Өзекті мəселелердің бірі — мүгедектігі бар жастарды жұмысқа орналастыру.

Өзекті мəселелердің бірі — мүгедектігі бар жастарды жұмысқа орналастыру.

— 37 Қарағанды колледжінде инклюзивті білім беру үшін жағдай жасалған. Бүгінде мұнда 14 мамандық бойынша ерекше білім беру қажеттіліктері бар 359 студент оқиды. Бірақ ең бастысы — түлектерді жұмысқа орналастыру мəселесі. Биыл 162 студент оқуын аяқтайды. Алдын ала мəліметтер бойынша, əзірге 61 адам жұмыспен қамтылмаған, оның ішінде денсаулық жағдайы бойынша да, — деді Білім басқармасы басшысының орынбасары Азамат Бөлкенбаев.

Түлектер мансап орталықтарында жұмысқа орналасу мəселелері бойынша кеңес беруге дайын. Жұмыспен қамту жəне əлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Əсем Жүніспекованың айтуынша, оларға ерекше білім беру қажеттіліктері бар 270 жас жүгінді. Бұл ретте олардың 104-і жұмысқа орналастырылды. Олар əлеуметтік жұмыс орындарына жолдама алды, қоғамдық жұмыстармен айналысады жəне «Жастар тəжірибесі» бағдарламасына қатысады. Төрт адамға бизнес-идеяларды жүзеге асыру үшін гранттар берілді.

Өңір басшысы еңбек еткісі келетін жəне жұмыс істей алатын кез келген адамға жұмыс табуды тапсырды.

Ерекше балалардың ата-аналары білім, əлеуметтік көмек, спорт жəне медицинаға қатысты мəселелерді тағы көтерді. Арнайы сыныптардың, спорт секцияларының жəне мамандардың тапшыдығы, əсіресе аудандарда жоқтың қасы екенін айтып, шағымданды. Сонымен бірге олар кездесулердің арқасында көп нəрсе шешілгенін атап өтті.

— Менің ерекше балам қазір 21 жаста. Сондықтан мен жағдайдың жақсарып келе жатқанын көріп отырмын. Қазір мүлдем басқаша: біздің өтініштерімізге құлақ түреді, бізге көмектеседі. Мүгедек балалары бар қамқоршыларға тегін жол жүруді ұйымдастыруды сұрағанымыз есімде. Бұл мəселеміз назарға алынды. Ата-аналардың жұмысқа шығуы үшін 18+ балаларға арналған күндізгі топ құру мəселесі шешілуде. Биыл Даун синдромы бар 18 жастан асқан балалар инватаксиді қолдана алады, — дейді ата-аналардың бірі Жанар Нақбосынова.

Аймақ басшысы көп жұмыс жасалғанына келісті, бірақ алда əлі біраз жұмыс күтіп тұр.

— Кездесуді, мəселелерді талқылауды жəне оларды шешудің жолдарын табуды жалғастырамыз. Бүгінгі сұрақтарды құрылымдап, келесі жолы егжей-тегжейлі жауаптар беру керек. Əрине, кейбір мəселелер бюджет қаражатына байланысты. Бірақ тез шешуге болатын жəне шешілуі керек ұйымдастырушылық мəселелер бар. Ата-аналарға шыдамдылық пен сындарлы ұсыныстарымен бөліскені үшін алғыс айтамын. Біз ерекше балаларға барлық жағдай жасауымыз керек, — деп атап өтті Ермағанбет Бөлекпаев.

Манас АҚСАРЫ

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *