Байқау өтеді

Елімізде алғаш рет жас мамандарға арналған Jas Kenes Siylygy байқауы ұйымдастырылды. Оған 35 жасқа дейінгі қазақстандықтар қатыса алады. Өтінімдерді қабылдау 21 шілдеге дейін жалғасады.

Сыйлық қазақстандық қоғам үшін маңызды салаларда жұмыс істейтін (басшы емес) жас мамандарға беріледі.

Өтінімдер жеті номинация бойынша қабылданады:

  • Janqiarlyq — құқық қорғау органдарының, авариялық-құтқару қызметтерінің жəне қоғамдық қауіпсіздік жүйесінің өзге де ұйымдарының қызметкерлері үшін;
  • Altyn jürek — орта жəне кіші медициналық персонал үшін (жедел медициналық көмек, акушерлер, санитарлар жəне т. б.);
  • Önerkäs ı p — өңдеу өнеркəсібінің, тау-кен металлургия кешенінің, агроөнеркəсіптік сектордың, тамақ өнеркəсібі ұйымдарының, энергетика секторының қызметкерлері жəне өндірістік сектордың басқа да өкілдері үшін;
  • Bolaşaq turaly qamqorlyq — мектепке дейінгі, орта, орта арнайы білім беру мекемелерінің педагогтеріне, сондай-ақ мамандандырылған қызметтер көрсететін инклюзивті оқу орталықтарының қызметкерлеріне арналған;
  • Adamgerşılık — балалар үйлерінің, қарттар үйлерінің, хоспистердің, жануарларға арналған баспаналардың жəне осындай əлеуметтік қызметтер көрсететін өзге де ұйымдардың қызметкерлері үшін;
  • Kömek qoly — Қазақстанда жəне одан тыс жерлерде зардап шеккендерге жəне мұқтаж адамдарға ерікті көмек көрсетуді ұйымдастыруда өзін көрсеткен еріктілер үшін;
  • Bızdıñ üi — коммуналдық жəне инфрақұрылымдық қызметтердің қызметкерлері, ПИК, МИБ (сантехник, электриктер жəне т. б.) қызметкерлері, сондай-ақ елді мекендердің тыныстіршілігін қамтамасыз етуге жауапты өзге де ұйымдар үшін.

Негізгі ақпараттан басқа, үміткерлер ұсыныс жəне мотивациялық хаттар ұсынуы керек. Конкурстық іріктеу үш кезеңде өтеді. Іріктеуден кейін оларды сыйлықтың құрылтайшыларымен сұхбат күтеді, оның нəтижелері бойынша əр номинация бойынша екі жеңімпаз таңдалады. Jas Kenes Siylygy лауреаттары миллион теңгеден алады.

Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдау сайтта 2024 жылғы 21 шілдеге дейін жалғасады https://www.jaskenes.kz/ application.

Сыйлықтың құрылтайшысы — ҚР Президенті жанындағы жастар саясаты жөніндегі кеңес. Жоба ҚР Мəдениет жəне ақпарат министрлігінің қолдауымен жүзеге асырылуда.

Сыйлықақы жəне кеңес қызметі туралы толығырақ ақпаратты сайттан алуға болады https://www.jaskenes.kz

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *