Жезқазғанда 2011-2012 жылдары туған жасөспірімдер арасында бокстан Қазақстан Республикасының Солтүстік-Шығыс өңірлік чемпионаты өтті. Жарыста Қарағанды облысының құрамасы сәтті өнер көрсетіп, қоржынға бір алтын, үш күміс және төрт қола медаль салды.
Чемпионаттың алтын жүлдесін 63 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Тамерлан Қайыржан иеленді.
Күміс медаль Нұртай Наскенов, Заңғар Марат және Ислам Құлмұхамедовке бұйырды.
Ал қола жүлдегерлер қатарынан Ерасыл Айтқожаев, Ернұр Егінтай, Бексұлтан Оралов және Диасыл Боранбай көрінді.
Өңірлік чемпионат жас боксшыларға шеберліктерін шыңдап, республикалық деңгейдегі жарыста Қарағанды облысының намысын лайықты қорғауға мүмкіндік берді.
Ерік РЫМҒАЛИЕВ
