Маңызды ақпарат

Қарағанды-Сұрыптау станциясындағы көліктегі полиция басқармасының қызмет көрсету аумағында 2026 жылғы 19-23 қазан аралығында «Қызметтік қару» жедел-профилактикалық шарасы өткізіледі.

Шараның негізгі мақсаты – қызметтік қарудың сақталуы, тасымалдануы және пайдалануы бойынша заңнама талаптарының орындалуын бақылау, қарумен жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік шараларының сақтауын қамтамасыз ету, сондай-ақ құқық бұзушылықтардың алдын алу.

Қарағанды-Сұрыптау станциясындағы КПБ қызмет ету аумағында яғни теміржол және әуе көлігі объектілерінде орналасқан «әскерилендірілген теміржол күзеті» мен «авиациялық қауіпсіздік қызметі» ұйымдарының қызмет барысында қызметтік қаруды сақтау, есепке алу, алып жүру және пайдалану белгіленген заң талаптарына сәйкес жүзеге асырылуы тиіс. Бұл ретте қарудың жоғалуына, ұрлануына, заңсыз айналымға түсуіне және белгіленген тәртіпті бұза отырып қолданылуына жол бермеу ерекше маңызға ие.

Шара барысында қызметтік қарудың сақталу жағдайына, оны тасымалдау мен пайдалану тәртібіне, сондай-ақ тиісті құжаттардың жүргізілуіне назар аударылады. Сонымен қатар қызметкерлердің қарумен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік талаптарын сақтауына бақылау жүргізіліп, анықталған кемшіліктерді жою және жол бермеу бойынша тиісті шаралар қабылданады.

Қызметтік қаруға қатысты заң талаптарын қатаң сақтау –әрбір қызметкердің міндеті әрі азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудің маңызды шарты.

Ж.А.САДУАҚАСОВА

Қарағанды-Сұрыптау станциясындағы

Көліктегі полиция басқармасы

АСт инспекторы, полиция майоры