Қарағанды бейнелеу өнері мұражайындағы «Шеберлер мерекесі — адам жəне табиғат» көрмесі — өңірдің педагог-суретшілерін біріктірген облыстық пленэр-байқаудың қорытындысы. Онда бізді қоршаған табиғаттың алуан түрлілігі мен сұлулығын бейнелейтін əртүрлі техникалар мен жанрларда орындалған жұмыстар ұсынылған.
Пленэрге Қарағанды № 2 БӨМ, Шахтинск қаласының А. Исмаилов атындағы БКМ, Теміртау қаласының Ғ. Жұбанова атындағы БӨМ, Дубовка кентінің БКМ жəне Нұра ауданының «Балалар-жасөспірімдер шығармашылығы орталығының» педагогтары қатысты.
Əр жұмыста табиғатты бейнелеуге жеке көзқарасты байқауға болады. Суретшілер табиғаттың адаммен, оның сезімдері жəне тəжірибелерімен өзара əрекеттесуін көрсетті.
— Мұнда Қарағандыға арналған жұмыстарымның шағын сериясы қойылды. Бұл негізінен саябақ аймағы. Саябақ кейбір ғимараттарға немесе сəулет құрылымдарына қарағанда маған жақын. Менің барлық жұмысым қаламыздың табиғатына арналған. Техника — акварель. Мен бұл əдіспен көп жазамын. Ашықтықты, перспективаны, жарық пен күн сəулесінің ойынын көрсеткім келді, — деді № 2 Қарағанды өнер мектебінің оқытушысы Юрий Ку.
— Мен бəрінен бұрын көшелерден, базарлардан шабыт алдым. Дəл осындай шығармашылықты жақсы көремін, онда əрдайым қозғалыс, адамдар тірлігңн жасап жатады, құр бос ескім отырмайды, — деп бөлісті Шахтинск қаласының А. Исмаилов атындағы ДХШ мұғалімі Əйгерім Советова. Өнердегі табиғат мерекесінің көрмесі 30 маусымға дейін жалғасады.