Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен 6 қазанға республикалық референдум өткізу тағайындалды.
«Республикалық референдум туралы» ҚР Конституциялық заңының 20-бабына сәйкес референдумды дайындауды және өткізуді Орталық референдум комиссиясының функцияларын орындайтын Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы; аумақтық референдум комиссияларының функцияларын орындайтын Қазақстан Республикасының аумақтық сайлау комиссиялары; учаскелік референдум комиссияларының функцияларын орындайтын учаскелік сайлау комиссиялары жүзеге асырады.
Қолданыстағы заңнама нормаларының негізінде ҚР Орталық референдум комиссиясының 2024 жылғы 3 қыркүйектегі №38/42 қаулысымен республикалық референдумды дайындау және өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары бекітілді.
Қарағанды облысында 14 аумақтық, 650 учаскелік референдум комиссиясы құрылды. Референдум комиссиясының 4440 мүшесі бұл жұмысқа тартылды. Бүгінгі таңда референдум комиссиясының мүшелерін оқыту бойынша жұмыс ұйымдастырылды.
2024 жылғы 01 шілдедегі жағдайы бойынша облысымыз бойынша республикалық референдумға қатысуға құқығы бар 754706 азамат тіркелген.
Республикалық референдумға қатысуға құқығы бар азаматтардың тізімдерін, тиісті жергілікті атқарушы органдар, дауыс беру үшін нақты учаскенің аумағында тұрғылықты жері бойынша тіркелгендердің негізінде жасайды. Тұрғылықты жері деп тұрақты тіркелген жерін айтамыз. Уақытша тіркелген азаматтар, тізімге олар жергілікті атқарушы органға берген өтініші негізінде ғана енгізілуі мүмкін.
Республикалық референдумды дайындау және өткізу кезеңінде аталған құқықты жүзеге асыру үшін, азаматтарды нақты учаскедегі референдумға қатысушылардың тізіміне енгізу тәртібі туралы хабардар ету үшін, жергілікті атқарушы органдарға онлайн-сервистерді, call-орталықтарды, интернет-ресурстарды ұйымдастыру ұсынылды.
Бекітілген Күнтізбелік жоспарға сәйкес дауыс беруге жиырма күн қалғанда, яғни 2024 жылдың 15 қыркүйегінде, тиісті әкімдер республикалық референдумға қатысуға құқығы бар азаматтардың әрбір учаске бойынша қол қойылған тізімдерін учаскелік референдум комиссиясына ұсынады.
Дауыс беру күніне он бес күн қалғанда, яғни 20 қыркүйектен бастап тиісті комиссиялар республикалық референдумға қатысуға құқығы бар азаматтардың тізімдерін, азаматтардың тұрғылықты жері бойынша құрылған учаскелерде тұрғындарға танысу үшін беріледі.
Азаматтарға тиісті учаскелік комиссиялардың үй-жайларында өздері туралы енгізілген деректердің дұрыстығын тексеру мүмкіндігі қамтамасыз етіледі.
Үгіт референдум тағайындалғаннан кейін басталады және дауыс беру күніне дейінгі күннің нөлдік сағатында аяқталады, яғни 2024 жылғы 4 қазандағы сағат 00-00-де (үгіт референдум алдындағы күні және дауыс беру күні тыйым салынады).
Референдум комиссиясының құрамы мен орналасқан жері, референдум учаскелерінің шекаралары туралы хабарламалар ағымдағы жылдың 12 қыркүйегіне дейін БАҚ және аумақтық комиссиялардың интернет-ресурстарында жарияланатын болады.
Учаскелік референдум комиссиясы дауыс беру уақыты мен орны туралы азаматтарға 2024 жылдың 25 қыркүйегінен кешіктірмей, дауыс беретiн күннен кемiнде он күн бұрын хабарлайды.
Референдумда дауыс беру мерзiмi, орны, ұйымдастыру мен өткiзу тәртiбi «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында белгiленген ережелерге сәйкес айқындалады. Егер дауыс берудің өзге уақыты белгіленбесе, учаскелік комиссиялардың референдум өткізуі дауыс беру күні сағат 07.00-ден 20.00-ге дейін өтеді. Дауыс берудің қорытындылары Орталық референдум комиссиясының мәжілісінде шығарылады.
Референдумның қорытындылары туралы Орталық референдум комиссиясының ресми хабары дауыс беру өткiзiлген күннен бастап жетi күн мерзiмнен кешiктiрiлмей бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.
Референдумның Қарағанды облысы
бойынша аумақтық комиссиясы