Нью-Йоркті бағындырған Дәрия

Қарағандылық Дәрия Дүрмағамбетова Нью-Йоркте өткен Copernicus Olympiad халықаралық математика олимпиадасының күміс жүлдесін алды. Әлемнің 900-ден астам оқушысы өзара бақ таластырды.

Нью-Йорк олимпиадасы Дәрия үшін үлкен сынақ болды. 13 жастағы оқушы «Білім-инновация» лицейінің 8 сыныбында оқиды. Ол Олимпиадаға іріктеу туры туралы мұғалімінен білген.

– Іріктеу туры ақпан айында онлайн форматта өтті. Екі аптадан кейін менің нәтижем туралы хат келді және Global round финалдық турына шыққаным туралы хабарлама келіп түсті. Тапсырмалар өте қиын болды, негізінен бәрі логикаға арналған. Білімімнің арқасында күміс медаль жеңіп алдым, – деді Дәрия.

Мұндай көлемдегі олимпиадаға қатысу – жас математик үшін үлкен тәжірибе.

– Мұндай олимпиадалар мен конкурстар өз білімімізді тексеріп қана қоймай, дамуға, ой-өрісімізді кеңейтуге, түрлі елдің қызықты адамдары мен мәдениетімен таныстыруға көмектеседі. Әзірге белгілі бір мамандықты таңдаған жоқпын, бірақ мен нақты ғылымдарға қатты тартылатынымды білемін, – дейді Дәрия.

Негізгі олимпиадаға әлемнің 35 елінен 962 оқушы қатысты. Қазақстандық делегацияның құрамында 45 адам болды. Олардың есебінде 29 медаль бар.

Copernicus Olympiad – 5-12 сынып оқушылары математика, физика, жаратылыстану ғылымдары, астрономия, киберқауіпсіздік және кинофестиваль бойынша байқауларға қатыса алатын бүкіл әлемде танылған интеллектуалды платформа. Ол алғаш рет 2020 жылы Хьюстонда ашылды. Поляк математигі, физигі және астрономы Николай Коперниктің есімімен аталады.

Өмір БАЙБОСЫН

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *