Сәкен театры – «Үздік сценография»

Алаш қайраткері, жазушы драматург, публицист, қазақ әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі Жүсіпбек Аймауытовтың туғанына 135 жыл толуына орай Павлодарда алғаш рет «Ертіс-Баян» республикалық театр фестивалі өтті. Еліміздің 11 театры қатысқан өнер додасында С.Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық академиялық қазақ драма театры «Үздік сценография» жүлдесін жеңіп алды. Ал театр аудармашысы Алма Бекболатова «Дара» медалімен марапатталды.

Фестивальде қарағандылық Қаздрамтеатр Мұхтар Әуезовтің пьесасы бойынша «Қарагөз» трагедиясын ұсынды. Махаббат хикаясы мәңгілік: ол бүгін де, ертең де өзекті.

Спектакльді Вахтангов атындағы Ресей академиялық Мемлекеттік театрының режиссері Гүлназ Балпейісова қойды.

– Фестиваль бес күн бойы өтті. Фестивальде бүгінгі режиссураға, сценаграфияға, актерлік құрамға, жалпы театр өнеріне қатысты сыншылардың түрлі пікірі айтылды. Сондай сындардың арқасында театрдың кем-кетігі де, жетістігі де айтылады. Ұжым үлкен биік деңгейде өнер көрсетті деп ойлаймын, театрдың жеткен жетістіктері, әртістердің биік өрлеуі, оның барлығы айтылды және қосымша біздің сол жердегі әріптестеріміз, режиссерлар, басқа да көркемдік жетекшілер – барлығы оң бағасын берді. Фестиваль қорытындысы бойынша біздің театр «Үздік сценография» жүлдесіне ие болды, – дейді Қаздрамтеатр директоры Құрман Қалымов.

Әділ БЕК

 

 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *