Б.Бейсенов атындағы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қарағанды академиясының спорт кешенінде Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы, ҚР Құрметті спорт қызметкері, халықаралық дәрежедегі төреші, Г.Головкин, С.Елеуов сынды ел таныған спортшылардың бапкері Сәбен Әлкеевтің 80 жасқа толуына арналған спорттың қоян-қолтық жекпежек түрінен жасөспірімдер, қыздар және ересектер арасында Қарағанды облысының ашық турнирі өтті.
Қарағанды облысында 1944 жылы 6 қазанда дүниеге келді. Спорттық мекемелердегі еңбек өтілі 50 жылдан асады. Институтты бітіргеннен кейін, өзінің спорт қызметін ауылдағы дене шынықтыру пәнінің оқытушысы ретінде бастады, одан кейін Целиноград қаласында кооперативтік техникумында және педагогикалық училищеде жұмыс істеді. Аудандық спорттық мекемелерде еңбек етті. 1980-1987 жылдары ДСО «Еңбек» кешенді балалар және жасөспірімдер спорт мектебінде басшының орынбасары қызметін атқарды. 1987-1994 жылдары кәсіпорындардың ВДФСО күрес және бокс түрлерінен балалар және жасөспірімдер спорт мектебінде директор, 1994-2008 жылдары Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының «Мамандандырылған жеке сайысынан балалар және жасөспірімдер спорт мектебінің» директоры болды.
Ол басқарған жылдары кикбоксинг, таеквондо WTF, қоян-қолтық ұрыс, таэквондо ИТФ (I.T.F), каратэ WKF бөлімдері ашылды. Мектепке атақты жаттықтырушылар мен тәрбиеленушілер келді. 1994-2001 жылдары оқыту-жаттықтыру сабақтары жалға алған базаларда өткізілетін. Сәбиғолла Әлкеевтің іскерлігі арқасында 2001 жылдың ақпан айында мектепке жедел басқару құқығында Орбита 1 шағын ауданындағы, аумағы 1400 ш.м. бос тұрған балабақша ғимараты берілген. Өз күшімен бұл ғимарат қайта қалпына келтірілді, онда осындағы таэквондо, кикбоксинг, қоянқолтық ұрыс, каратэ бөлімдерінің балалары жаттығуда. Сол жылы оның басшылығымен мектеп қызметкерлері күшімен, құжаттары жоқ, бұзылған күйде алған «Бригантина» лагерінде жөндеу жұмыстарын жүргізіп қалпына келтірді. Оны 2004 жылы «Жалын» мектебіне аударды. Сол лагерде 2001 жылдан бері аз қамтылған отбасылардың балалары демалады, спорттық-сауықтыру жиындар өткізіледі. Еңбек қызметі уақытында Сабиголла Алькеевич ұлттық және халықаралық спорттың дамуына баға жетпес үлесін қосты, өзін өте жақсы нәтижеге бағытталған жауапты қызметкер ретінде танытты, тез шешім қабылдауға және қарамағындағылардың әрекеттері үшін жауапкершілікке әрқашан дайын болды. Кез-келген жағдайда, оның ішінде жұмыс уақытынан кейін де жұмыс істеу, ұқыптылығы, қарамағындағылармен және әріптестерімен жақсы қарым-қатынаста болып, өзіне талап қоюымен ерекшеленді, ол үшін ұжымда құрметке ие болды.
Тәрбиеленушілердің Әлем, Азия чемпионаттары мен Халықаралық жарыстардағы нәтижелерге қол жеткізген үшін оған «Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген жаттықтырушысы» құрмет атағы берілді, «Қазақстан Республикасының дене шынықтыру және спорттың дамуына үлкен үлес қосқаны үшін» құрмет белгісімен марапатталған, «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 10 жылдығына арналған» мерейлі медалімен, «Нұр Отан» ХДП «Белсенді қызметі үшін» кеуде белгісімен.
Қарағанды облысының спорт қоғамы осы кісіні дене шынықтыру және спорттың дамуына үлкен үлес қосқан, жоғары санатты маман, ұстаз ретінде таниды.
Жеңімпаздар арнайы жүлделермен марапатталды.
Манас АҚСАРЫ