Ағымдағы жылдың 11 желтоқсан күні Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы «Орталық» өңірлік қолбасшылығының Қарағанды қаласында орналасқан 6505 әскери бөлімінің құрылғаныы 68 жыл толуына орай мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. 1956 жылдың 11 желтоқсан күні іргетасы қаланған әскери бөлімнің мерекеліс іс-шарасы 6505 әскери бөлімінің клубында ұйымдастырылды. Мыңнан аса ұландық қызмет атқаратын бұл әскери бөлімнің құрылған күнің атап өтуге ардагерлер қауымы, сондай-ақ, өз-ара іс-қимыл жасаушы органдрының өкілдері қатысты.
- Аталмыш әскери бөлім еліміздегі ең үлкен әскери бөлімдердің қатарына кіреді. «Орталық» өңірлік қолбасшылығында орналасқан бұл әскери бөлім өз қызметі, Қарағанды, Ұлытау және Ақмола облыстарында атқарады. Әскери бөліміміз жыл сайын, еліміздің әрбір облысынан жаңадан келетін жас сарбаздарды қабылдап, қызметтерін қырағы атқаруына өз септігін тигізеді. Бүгінгі күн біздің әскери бөлім үшін өте ерекше- деп атап өтті әскери бөлім командирі.
Салтанатты жиын барысында әскери қызметтегі кәсіби шеберліктері үшін бірқатар әскери қызметкерлерге алғыс хаттар беріліп, ұзақ жыл елеулі еңбек етіп жүрген қызметшілерге сый-құрмет көрсетілді.
Сондай-ақ, іс-шара барысында сарбаздардың күнделікті оқу жаттығу кезінде қолданатын қару-жарақтары көпшіліке көрме ретінде ұсынылды.
ҚР ҰҰ «Орталық» ӨңҚ Баспасөз қызметі