2022 жылдың 8 айында Теміртау қаласының өртке қарсы қызметінің қызметкерлері көпқабатты тұрғын үйлерде газдың шығуымен байланысты авариялық-құтқару жұмыстарына 121 рет шықты.
Теміртау қаласының Төтенше жағдайлар басқармасымен тұрмыста өрт қауіпсіздігі нормалары мен ережелерін сақтау бойынша, соның ішінде газ жабдықтарын пайдалану бойынша кең көлемде үгіт-профилактикалық жұмыстар жүргізілуде.
Теміртау қаласының Төтенше жағдайлар басқармасы
ЕСКЕРТЕДІ:
Тұрмыстық жабдықтарды пайдалану кезінде өрт және төтенше жағдайға жол бермеу үшін:
— 2 қабаттан жоғары тұрғын үйлерде газ баллонын қолданбаңыздар;
— үй-жайларды газдандыруды, газ аспаптарын, баллондар мен тиек арматурасын ауыстыруды және жөндеуді өз бетіңізбен жүргізбеңіз;
— жұмыс істеп тұрған газ аспаптарын қараусыз қалдырмаңыздар;
— газдың шығуын тексеру үшін ашық отты пайдаланбаңыздар (бұл мақсатта сабын ерітіндісін пайдаланыңыздар);
— балалардың газ аспаптарын пайдалануына жол бермеңіздер және оларды қараусыз қалдырмаңыздар;
Газ жабдықтарын орнатқан кезде жиһаз және басқа да жанғыш материалдрдан келесі арақашықтықтарды сақтаңыздар:
— ең жақын тік бетке дейін көлденеңінен 0,2 м-ден кем емес;
— оның үстіне еңкіс орналасқан ең жақын көлденең бетке дейін тігінен 0,7 м-ден кем емес.;
— жылыту радиаторларынан, басқа да жылыту аспаптарынан және пештерден 1м-ден кем емес;
— ашық отты жылу көздерінен 5 м-ден кем емес.
Автожанармай құю станцияларында газ баллондарын толтырмаңыздар!
Газ шыққан жағдайда:
— газ беруді жабыңыз;
— терезелер мен есіктерді ашыңыз;
— сіріңкелерді, оттықтарды жақпаңыз, үй-жайға тұтатылған темекімен кірмеңіз;
— жарық және электр құрылғыларын қоспаңыз;
— егер газ жанса, жалынды үрлемеңіз – газ жанып жатқан кезде жарылыс қаупі жоқ.
Өрт және басқа да төтенше жағдай туындаған жағдайда дереу 101 және 112 телефондары бойынша хабарлаңыз.
Теміртау қаласының Төтенше жағдайлар басқармасы.