Кенді өлкенің қайсар ұлы

Бұл мақала тау-кен инженері, техника ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық Инженерлік академиясының академигі, Қазақ ССР Құрмет Алтын кітабына енгізілген, «Қарағанды көмір» өндірістік бірлестігінің техникалық директоры, «Испат Қармет» АҚ көмір департаментінің техникалық директоры, «Шахтер даңқы» төсбелгінің толық иегері, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты С.К.Баймұхаметовке арналған.

Қарағанды қаласының 90 жылдығының  қарсаңында Құрметті шахтер Баймұхаметов Серғазы Қабиұлының құжаттары Ұлттық архив  қорына берілді және жеке қорының салтанатты ашылуы болды.

«Қарағанды облысының мелекеттік архиві» КММ көмір саласының жеке құрам бойынша филиалының ұйымдастыруымен жеке  қордың құжаттары бойынша тұсаукесер аясында «Кенді өлкенің қайсар ұлы» тарихи деректі көрмесі дайындалып, көрсетілді.

С.Баймұхаметов тау-кен инженері, техника ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық инженерлік академиясының академигі, Қазақстан Республикасы Минералдық ресурстар академиясының академигі, Халықаралық экология және еңбек қауіпсіздігі академиясының академигі, Ресей Федерациясы Тау-кен ғылымдары академиясының шетелдік мүшесі, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, КСРО және Қазақ КСР Министрлер Кеңесі Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, екі мәрте академик Александр Скочинский атындағы сыйлықтың лауреаты, оның есімі Қазақ ССР Құрмет Алтын кітабына енгізілген, «Қарағанды көмір» өндірістік бірлестігінің техникалық директоры, «Испат Қармет» АҚ көмір департаментінің техникалық директоры, Еңбек Қызыл Ту, Октябрь Революциясы ордендерінің иегері, Ресей Федерациясының «Достық» ордені, «Шахтер даңқы» төсбелгінің толық иегері.

Жеке қордың ашылуына Серғазы Қабиұлының әріптестері мен замандастары Қарағанды көмір бассейнінің ардагерілері мен құрметті кеншілер, Қарағанды көмір бассейнінің ардагерлері,  және осы шараға шахталар мен кәсіпорындардың директорлары, көмір саласының дамуына елеулі үлес қосқан ғалымдар, Серғазы Қабиұлының отбасы және жақын туыстары қатысты.

Серғазы Қабиұлы Баймұхаметов 1936 жылы 23 сәуірде Талдықорған облысы Қаратал ауданы Үштөбе станциясында дүниеге келген. 1958 жылы Қазақ тау-кен металлургия институтының тау-кен факультетін «Пайдалы қазбалар кен орындарын игеру» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын Қарағанды көмір бассейнінің № 20-бис шахтасында тау-кен шебері болып бастаған. №20-бис және №17-бис шахталарын №22 шахтамен біріктіргеннен кейін С.Баймұхаметов желдету учаскесі бастығының орынбасары, бас инженердің көмекшісі, №22 шахта бас инженерінің орынбасары болып жұмыс істеді. Бұл жылына 4 миллион тонна көмір өндіретін ең ірі шахталардың бірі болды. Серғазы Қабиұлы өндірісте өзін-өзі жетілдіруді жалғастырып және жерасты қабаттар керемет газды болғандықтан қауіпсіз өндірудің жаңа тәсілдерін іздеді.

1974 жылы Серғазы Қабиұлы үш шахтаны біріктірген кейін Октябрь революциясының 50 жылдығы атындағы шахтаның бас инженері болып тағайындалды.

Қазба учаскелерін желдетудің жаңа схемаларын, газсыздандырудың жаңа тәсілдерін сынады және енгізді.

1975 жылы Серғазы Қабиұлы «Жаңа технологиялар мен жаңа техниканы тиімді және қауіпсіз пайдаланғаны үшін КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атағына ие болды.

1978 жылы шахтаның директоры, ал 1979 жылы «Қарағандыкөмір» өндірістік бірлестігінің техникалық директоры болып тағайындалды. Сол кезде оның ұйымдастырушылық қабілеті, тау-кен инженер таланты толық ашылды.

Ұзақ ізденістердің, тәжірибелердің, салыстырулар мен жалпылаудың нәтижесі 1986 жылы Мәскеу тау-кен институтында сәтті қорғаған «Қарағанды бассейнінің қуатты көмір қабаттарын әзірлеу кезінде желдету мен газ шығаруды басқару шараларын зерттеу және әзірлеу» тақырыбында техника ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін диссертация болды. Бірақ кандидаттық диссертацияны  қорғау оның жаңа ғылыми биіктерге шығармашылық көтерілуіндегі алғашқы қадамы болды.

1980 жылы «Газсыздандыру және газ бөлуді басқару саласындағы ғылыми зерттеулер мен жұмыстарының  еңбегі үшін» академик А.А.Скочинский атындағы сыйлығын алды.

1990 жылы Серғазы Қабиұлы  «Қарқынды көмір өндірудің қауіпсіз жағдайларын қамтамасыз ету үшін шахталарда желдету мен газ шығаруды басқару тәсілдерін әзірлеу» тақырыбында  докторлық диссертациясын  қорғады.

Газсыздандыруды дамытқаны үшін ол Брюссельде (2001 жылы) және Женевада (2002) Халықаралық көрмелер дипломдарымен марапатталды.

Ол көптеген ғылыми еңбек пен монографиялардың авторы, «Достық» орденімен, КСРО-ның көптеген медалымен, сондай-ақ Польша мен Вьетнамның наградаларымен марапатталған. Есімі Қазақ ССР-нің «Алтын Құрмет кітабына» енген.

80 жасқа толғанға дейін көмір өндірушілердің істеріне белсенді қатысып, баға жетпес тәжірибе мен жетістіктерімен бөлісті.

Баймұхаметов Серғазы Қабиұлы – бүкіл өмірін өндіріске арнады. Қатардағы инженерден, желдету және қауіпсіздік техникасының тау-кен шеберінен шахта директорына, «Қарағандыкөмір» бойынша Қазақстандағы ең ірі көмір өндіру өндірістік бірлестігінің техникалық директорына дейінгі жолдан өтті, содан кейін 90-шы жылдары «Миттал Стил Теміртау» АҚ Көмір департаментінің басшысы болды.

Газсыздандыру деңгейі бойынша Қарағанды  бассейн әлемдегі ең озық бассейндердің бірі болды. Ол үшін Серғазы Баймұхаметов үкіметтік және халықаралық сыйлықтармен марапатталды. Жалпы, лайықты Шахтер бассейн тарихында үлкен және жарқын із қалдырды.

Күн сайын өзінің қалдырған ерен еңбегі шахтерлерге пайда әкелуді жалғастырды, шахталарда көмір өндіру технологиясын жетілдірді.

Құрметті шахтердің аты С.Баймұхамбетов Қарағанды көмір бассейнін игеру тарихында жазылған, оның тағдыры бүкіл ұрпақтың тағдырын, ел тағдырын бейнелейді.

Оның бүкіл өмірі мен еңбек қызметі – ең  жоғары нәтижелерге қол жеткізген еңбек шеберлігінің шыңына шығу және келешек  ұрпақ тәрбиесі – келешек қоғам тәрбиесі. Сол келешек қоғам иелерін жан-жақты жетілген, ақыл-парасаты мол, мәдени-ғылыми өрісі озық етіп тәрбиелеу – біздің де қоғам алдындағы борышымыз.

Нұрғайша ТІЛЕУБЕКҚЫЗЫ,

«Қарағанды облысының 

мемлекеттік  архиві» КММ

көмір саласының жеке құрамы

бойынша филиалының архив

қойма меңгерушісі

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *