Қарқаралының жасын қай уақыттан бастаған дұрыс?

Өткен жылдың 9 маусым күні Орталық Қазақстан академиясында Халықаралық ғылыми-тәжірибелік «Атыңнан айналайын, Қарқаралы» атты конференция өтіп, оның жұмысына алыс және таяу шетелдерден, еліміздің ҰҒА мен барлық ірі оқу орнының ғалымдары, Қарқаралы ауданының әкімі тағы да басқа танымал азаматтар қатысып, өзекті мәселелерді ортаға салған болатын.

Конференция барысында өлке тарихына көзқарас өзгеруі керек деген сөз айтылды. ҰҒА академигі, Л.Гумилев атындағы ЕҰУ жанындағы «Еуразия тарихы мен мәдениетін зерттеу» орталығының директоры С.М.Сыздықов «Қарқаралының жасын қай уақыттан бастаған дұрыс?» деген баяндамасында «біздің дәуіріміздің VІІІ-Х ғасырларында Қарқаралы өңірі Қарлұқ қағанатының құрамында болған кезде, оның билеушісі Білге Күл Қадырхан 840 жылы қаған атағын алып, тәуелсіз мемлекет құрып, ордасын қазіргі Қарқаралы қаласы маңына тіккендігін» айтты. Сондықтан, 2025 жылы Қарқаралы қонысының іргетасы қаланғанына 1185 жыл толады деп шамалауға негіз бар. Ал, Астана халықаралық университетінің доценті, тарих ғылымдарының кандидаты Қ.С.Өскенбаев «Өлке тарихы – Отан тарихының бастауы» атты баяндамасында Кент тауларының ішінде осыдан 2,5 мың жыл бұрын қалаға ұқсайтын елді мекендер болғанын айта келіп, Орталық Қазақстанды, оның ішінде Қарқаралы өңірін Ресей империясы қалай отарлап алғанына тоқталды.

Тарих ғылымдарының докторы, профессор Ж.Артықбаев «Қарқаралының көне тарихы» деген баяндамасында орыс отаршылары, одан соңғы кеңестік идеология санаға сіңірген түсініктерден тезірек арылып, төл тарихымызды өте ерте дәуірлерден бастауды, соның ішінде көне түркілік жер-су атауларына, ертегілер мен аңыздарда кездесетін оғаш сөздерге назар аудару қажеттігін атап көрсетті. Бұл тұрғыда «қарқара», «қазылық» деген көне сөздердің өзі талай ойға жетелейтінін айтты.

Әрине, ел  мен жер тарихы Кеңестік кезеңдегі бұрмалаушылықтан арылуы керек.

Конференциядан кейін бірнеше ғылыми институттан Орталық Қазақстан академиясының ректоры, заң ғылымдарының докторы, профессор Бақтыбай Жүнісов атына хаттар келген еді. Соның бірі Шоқан Уәлиханов атындағы тарих және этнология институтынан болатын. Хаттың жазбаша және қағаз жүзіндегі нұсқасын оқырман назарына ұсынып отырмыз.

Әдебиет БЕЛГІБАЙҰЛЫ

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *