Жастар жалғандыққа қарсы

2025 жылдың қараша айында «Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті» КеАҚ «Көлік, логистика және инженерлік экономика» факультетінің «Қазақ тілі және мәдениеті» кафедрасының аға оқытушысы, ЛОГ-25-2 тобының кураторы Қ.Қ.Нұржанованың ұйымдастыруымен ЛОГ-25-2, ЛОГ-25-3, ОП-25-1, ТТ-25-1, ТТ-25-2 топ студенттерінің арасында «Жастар жалғандыққа қарсы» тақырыбына эссе конкурсы өткізілді.

«Жастар жалғандыққа қарсы» эссе конкурсының мақсаты – жастар арасында адалдық пен шындықты насихаттау, олардың моральдық және азаматтық ұстанымдарын қалыптастыру. Конкурс арқылы жастарды жалған ақпарат пен жалғандыққа қарсы саналы түрде күресуге ынталандыру, олардың ой-өрісін дамыту және қоғамдағы әділдік пен сенімді нығайту көзделеді.

Қазіргі заманда жалғандық түрлі формада кездеседі: жалған ақпарат, өтірік, арамдық, контрафакт тауарлар және тағы басқа. Жастар – қоғамның болашағы, олар адалдық пен шындықты насихаттап, жалғандыққа қарсы тұруы тиіс.

Жалғандық – қоғамды әлсірететін, адамдардың бір-біріне деген сенімін азайтатын зұлымдық, қоғамдағы үлкен дерттердің бірі. Ол жеке адамның ғана емес, тұтас ұлттың рухани дамуына кедергі келтіреді. Ол адамдар арасындағы сенімнің жоғалуына, әлеуметтік қатынастардың бұзылуына себеп болады. Қазіргі заманғы ақпараттық технологиялар дәуірінде жалған ақпарат тез таралып, адамдарды адастыруы мүмкін. Сондықтан жастардың жүрегінде адалдық пен әділдік сезімі болуы керек.

Жастардың бойында әділдік пен шындыққа деген ұмтылыс қалыптасса, қоғамымыз одан әрі дамып, мықты болады. Олар жалғандыққа қарсы тұрып, шынайы ақпаратты қолдауы керек. Жастар жалғандыққа қарсы тұру арқылы өздерінің рухани тазалығын сақтап, қоғамдағы әділдік пен сенімді нығайтады. Олар шындықты іздеп, өз ойын ашық білдіруі қажет. Сонымен қатар жалған ақпараттың таралуына қарсы күресіп, интернет пен әлеуметтік желілерде жауапкершілікпен әрекет етуі маңызды.

Жастар жалғандықтың салдары туралы түсінік алып, оны болдырмау жолдарын іздеуі қажет. Олар өздерін және айналасын әділдікке тәрбиелеп, қоғамдағы жағымсыз құбылыстарға қарсы үн қосуы тиіс. Жастар адалдық пен шындықтың жаршысы болып, жалғандыққа қарсы тұру арқылы өз ұлтының жарқын болашағын қалыптастыруы қажет. Жастардың жалғандыққа қарсы тұруы – біздің қоғамымыздың таза, сенімді және әділ болашағының кепілі.

Алма АҚЫНЖАНОВА,

«Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті»

Орыс тілі және мәдениеті кафедрасының аға оқытушысы,

педагогика ғылымдарының магистрі