Айгүл Сәдуақасова: Өңірлердің дауысы айқынырақ естіледі

Айгүл Сәдуақасова, ҚР ҒЖБМ ҒК Философия, саясаттану және дінтану институтының бас директоры:

«Қазіргі таңда біздің өңірлеріміздің саны жиырмаға жетті. Соңғы 3-4 жылдағы әкімшілік реформа нәтижесінде жаңадан қалыптасқан өңірлеріміз бар. Сонымен қатар жаңадан инновациялық жаңа смарт қаланы құрылысы басталуда. Сондықтан біздің әлеуетіміз осы жағынан да өсіп келе жатыр. Осыны ескере отырып, өңірлердің дауысы қаттырақ және айқын шығады деп ойлаймын.

Ал өңірлердің өмір сүру деңгейі өте маңызды, өйткені- ол біздің жалпы халқымыздың көпшілік бөлігі өмір сүріп жатқан нақты локалды аймақтар. Қазіргі таңда локалды және глобалды форматта өмір сүріп келе жатырмыз».