Қала мен ауыл арасы

Қарағанды облысында даму әлеуеті бар 160 ауылда 190 мың адам тұрады. Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасын арттыру, бизнес үшін жағдайды тартымды ету үшін өңірде ауылдық аумақтарды дамытудың Жол картасы іске асырылуда. Талдау көрсеткендей, «Ауыл – Ел бесігі» жобасымен қамтылған бірқатар ауылдарда тұрғындар саны артты. Сонымен қатар, ауыл кәсіпкерлерінің саны үнемі өсіп келеді, соның арқасында жаңа жұмыс орындары ашылуда.

Қала мен ауыл арасындағы алшақтықты азайту үшін қандай жұмыс жасалып жатқаны аппараттық кеңесте айтылды.

– Соңғы жылдары даму әлеуеті бар ауылдық елді мекендерді қолдауға бағытталған өңірлік стандарттар жүйесі енгізілді: «Ауыл аманаты», «Ауыл – Ел бесігі», «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту», «ЖаҚала мен ауыл арасыйлы мектептер», «Дипломмен ауылға!». Өткен жылы ел Үкіметі ауылдық аумақтарды дамытудың 2023–2027 жылдарға арналған тұжырымдамасын қабылдады. Халықтың сапалы өмір сүруі үшін қажетті жағдайлар жасау, аумақтарды дамыту біздің басты міндетіміз болып табылады, – деп атап өтті облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев.

Экономика басқармасының басшысы Татьяна Аблаева өткен жылы әлеуметтік, инженерлік және көлік инфрақұрылымын жақсартуға бағытталған 794 жоба іске асырылғанын баяндады. Биыл тағы 555 жоба жоспарланған.

Ермағанбет Бөлекпаев кездесулерде ауыл тұрғындары көтеретін мәселелерге тоқталды. Олардың бірі-сапалы сумен жабдықтау. Міндет 2025 жылға қарай ауыл тұрғындарын 100% ауыз сумен қамтамасыз ету. Өткен жылы 342 км су құбыры желілері салынып, қайта жаңартылды. Орталықтандырылған сумен жабдықтауға 8 ауыл қосылды. Сумен жабдықтау қызметтеріне қол жеткізу 93,6%-ға жетті. Биыл бұл бағыттағы жұмыс жалғасады.

Мәселелерді жылу бойынша да шешу қажет. Осакаров ауданы Молодежный кентінде қазандық моральдық тұрғыдан ескірген, ондағы жабдық тозған. Осыған байланысты жылыту үзілістері болды. Жаңа модульдік қазандық салу туралы шешім қабылданды. Аудан әкімінің орынбасары Ержан Теміров құрылысқа мамыр айында кірісуді жоспарлап отырғанын айтты.

Әлеуметтік мәселелер де назар аударуды қажет етеді. Биыл 29 ауылдық мектепті жаңғырту жоспарланған. «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы бойынша 1500 орындық 5 мектеп салу керек. Өткен жылы ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту үшін 20 ФАП салынса, биыл 78 нысан бой көтермек.

Алайда, медициналық кадрлардың жетіспеушілігімен проблемалар әлі де бар. Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Бибігүл Төлегенованың айтуынша, жас мамандарды іздеу Қазақстан шегінен шығып, көрші Қырғызстанда жүргізілуде. Бұған жақсы көмек-көтерме қаржыны 8 млн теңгеге дейін ұлғайту.

Облыс әкімі ауылдық аумақтардың дамуына тұрақты мониторинг жүргізуді, Әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымды жүйелі жақсартуды жалғастыруды тапсырды.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *