Қарқаралы дайын ба?

Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев пен ТЖД бастығы Мұрат Қатпанов жұмыс сапарымен Қарқаралы ауданына барды.

Олар жергілікті қызметтердің су тасқыны кезеңіне дайындығын тексерді.

Тәуекел аймағында орналасқан Ынталы, Угар, Қаршығалы, Тегісшілдік және Н. Әбдіров атындағы ауылдық округтерге барып, су өткізгіш құбырлардың, көпірлер мен су қабылдағыштардың жай-күйін тексерді.

– Ауданда барлығы 62 елді мекен бар. Көктемгі су тасқынының алдын алу жұмыстары басталды. Инертті материал, жабдықтар мен мотопомптар дайындалды, 30 тонна жанар-жағармай материалдары бөлінді, 37 су өткізгіш құбырлар тазартылды, – деп баяндады Қарқаралы ауданының әкімі Әділжан Арғынов. – Сондай-ақ, Ынталы ауылдық округінде өткен жылдың күзінде Нұра өзенінің арнасы тазартылып, кеңейтілді. Әр округте су тасқыны кезінде техниканы жұмылдыру үшін шаруашылық жүргізуші субъектілермен меморандумдар жасалды.

Аудан аумағында барлығы бес гидротехникалық бөгет орналасқан. Олар қанағаттанарлық жағдайда.

Аудан әкімдігі су тасқынына қарсы күрес үшін 10 мың қапшықтардың резервтік қорын, 20 тонна жанар-жағармай және 2 мың тонна инертті материал дайындады. Бүгінгі таңда аудан бойынша барлығы 597 су өткізгіш құбырлар мен арықтар тазартылды.

Өңір басшысы жағдайды бақылауда ұстауды тапсырды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *