Аланның кезекті жеңісі

Қарағандылық Алан Құрманғалиев Сомбатхейде (Венгрия) өткен WTA Youth Contender турнирінде күміс медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Olympic.kz.

Спортшы 19 жасқа дейінгі теннисшілер арасындағы жарыста екінші деңгейдегі нәтиже көрсетті. Әзірге оның жеті жеңісі мен бір жеңілісі бар.

Алан қарсыластары Стефан Димитровты (Болгария) 3:0, Маэль Ван Дессельді (Люксембург) 3:0, Тай По-Чунды (Тайбэй) 3:2, Драгожа Бужорды (Румыния) 3:0, Михаил Ловгуды (Словакия) 3:2, Исаак Альфредссонды (Швеция) 3:0, Ли Чон Мокты (Корея) 3:0 есебімен жеңіп шықты.

Ақтық мәреде ол Балаж Лэйге (Венгрия) 0:3 есебімен жеңілді.

Естеріңізге сала кетейік, осы турнирде Алан 17 жасқа дейінгі спортшылар арасында қола жүлдеге ие болған.

Ерік РЫМҒАЛИЕВ

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *