Қандай жаңа аудандар табиғи газға қосылады?

Қарағанды мен Теміртауда ортақ газға 7 621 үй қосылды. Бұл абоненттердің шамамен 60%-ы. Аймақты газдандыру жалғасуда. Облыс орталығында келесі жылы «Күнгей» және «Таугүл» шағынаудандарын газдандыру жұмыстары басталады.

Аппараттық кеңесте газ саласының дамуы туралы айтылды.

– Қарағанды бойынша 4, 5, 6 іске қосу кешені бойынша құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде. Теміртау бойынша ІІ кезектің 1 және 2 іске қосу кешендері және І кезектің 4 іске қосу кешендері бойынша жұмыстар жүргізілуде. Шахтинск қаласында АГТЖ және жоғары қысымды газ құбырының құрылысы аяқталды, Северо-Западный кентінде төмен қысымды газ құбыры мен шығу тораптары салынуда, – деді Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының м.а. Ұлан Ермеков.

Оның айтуынша, Ақтау және Мұстафин кенттерін, сондай-ақ Шет ауданын газдандыру бойынша мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысын алған жобалар бар. Құрылысты 2025 жылы бастау жоспарлануда.

Қарағанды әкімі Мейрам Кожухов келесі жылы орталық газ қайда тартылатынын хабарлады. Бұл жаңа қаладағы жеке сектордың бірқатар көшесі, атап айтқанда: Ғарышкерлер, Пищевая, Гончарная, Кондитерская, Кирпичная, Балқаш, Шет, Рахымов және т.б. Сонымен қатар ескі әуежай ауданында: Шектібаев, Ғабдулла Құлқыбаев, Хайрулла Қабжанов көшелерін газдандыратын болады.

– Бұл ұзақ уақыт бойы пешпен жылытуды қолданатын көшелер. Бұл бізге қала орталығында экологиялық жағдайды жақсартуға мүмкіндік береді. 2025 жылдың бірінші жартыжылдығында аяқтауды жоспарлап отырмыз, – деді Мейрам Кожухов.

Сонымен қатар, Кирзавод пен Федоровка аудандарын газдандыру жалғасады.

«Күнгей» және «Таугүл» шағынаудандарында 133 км газбен жабдықтау желілері салынатын болады. Бұл шамамен 3 300 абонентті табиғи газбен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Теміртауда тағы бір нысан жыл соңына дейін тапсырылуы тиіс, деп хабарлады қала әкімі Ғалым Әшімов. Бұл табиғи газды ескі қала мен оң жағалаудағы 1 727 үйге жеткізуге мүмкіндік береді. Келесі жылы АБВ кварталының мыңға жуық үйі мен «Горка Дружбы» шағынауданын көгілдір отынмен қамтамасыз ету үшін газ құбырының құрылысы жалғасады.

Облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев өңірді одан әрі газдандыру және тұрғындарды көгілдір отынға қосу қарқынын арттыру жөнінде тапсырма берді.

– Тұрғындарға тұрмыста табиғи газды қауіпсіз пайдалану ережелерін түсіндіру қажет. Газ тарату желілерін салу бойынша жобалардың сапалы іске асырылуын және уақтылы орындалуын бақылауда ұстау керек, – деп атап өтті өңір басшысы.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *