Қарқаралым, атамекен

Құт қонған Қарқаралы тау тасына,

Шайтанкөл пайда болған тау басында.

Құлпырған табиғатын көру үшін,

Әкеммен барушы едім мен жасымда.

 

Тасында әр ғасырдың өрнегі бар,

Адамдар сол үшінде болар құмар.

Жұмбақ тас, үңгірлері жанға сая,

Аршасы, қарағайы бойға тұмар.

 

Аң құсың адамзатқа бауыр басқан,

Жазатын ақын болса ол бір дастан.

Биші бір қайыңдардан өнеге алып,

Өзіңде талай доспен, басым қосқам.

 

Сылдырлап мөлдір бұлақ ағып жатқан

Айлы түн қыз бозбала теңін тапқан.

Ауасы жұпар иіс орман-тоғай,

Қарсы алған атқан таңды шығыс жақтан.

 

Па, шіркін, Қарқаралым, атамекен,

Кім сені әуел баста осылай атады екен?

Әлемнің әр түкпірін араласам,

Дәл сендей құт мекенді табар ма екем?

Адамжан МҰСАБЕКОВ

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *