Қайрат Қамзин жаңа Бас жоспардың жүйелі сипатына тоқталды. Онда қаланың жаңа өсу нүктелері қаланды, рекреациялық аймақтар қарастырылды, көлік инфрақұрылымы қайта құрылуда.
Сондай-ақ, ол өмір сүру сапасы мен тұрақтылықты арттыру әкімдіктің қаланы дамытудағы басты мәселесі болып саналатынын атап өтті. Бұл үшін өнеркәсіпте заманауи тазарту технологиялары пайдаланылатын болады, «Жасыл аймақ» ұлғаяды, сондай-ақ, қалдықтарды қайта өңдеу және жою жүйесі жетілдіріледі.