Қарағанды облысында «Таза Сенім» жобасы іске қосылды

Облыс прокуратурасының бастамасымен өңірде «Құқықтық тәртіп менен басталады» қағидаты шеңберінде іске асырылатын «Таза Сенім» жобасы басталды.

Жобаға пилоттық режимде бес мемлекеттік орган тартылды: Полиция, Мемлекеттік кірістер департаменттері, әділет органдары, Білім және Денсаулық сақтау басқармалары.

Бастама азаматтардың мемлекеттік органдарға жолдайтын өтініштерін қарау сапасын арттыруға, сонымен қатар жобаға қатысатын органдарға практикалық және әдістемелік көмек көрсетуге бағдарланған.

Жоба үйлестірушісі болып облыстың Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің департаменті анықталды.

Жобаны қолдауға прокуратура, құқықтық статистика органдары, әкімдік, мемлекеттік қызмет, депутаттар, Кәсіпкерлер палатасы тартылды.

Іс-шараға депутаттар, қоғам өкілдері, белсенді азаматтар, сондай-ақ құқық қорғау және мемлекеттік органдардың басшылығы қатысты.

Жұмыс шеңберінде оқыту іс-шаралары, ведомствоаралық өзара іс-қимыл және өтініштерді қарау динамикасын ай сайын талдау көзделген.

Жобаның мақсаты-азаматтардың өтініштерін қарау сапасын және олардың мемлекеттік органдарға деген сенімін арттыру.

 

 

Қарағанды облысының прокуратурасы