Қарағанды облысында жасанды интеллект азық-түлік бағасын бақылауға көмектеседі

Қарағанды облысында цифрлық шешімдер көлік, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және басқа да салаларға енгізілуде. Әлеуметтік салада нейрондық желіні қолданатын «Азық-түлік бағасын мониторингтеу» жобасы іске қосылды.

Бұл туралы «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті міндеттер және оларды цифрлық трансформация арқылы шешу» тақырыбындағы Жолдауды талқылау жиынында айтылды.

– Мемлекет басшысы өз Жолдауында жасанды интеллектті экономиканың барлық саласына енгізу және жаппай цифрландыру міндетін қойды. Осы мақсатта өңірде халықтың өмір сүру деңгейін арттыруға және әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталған бірқатар маңызды жобалар жүзеге асырылып жатыр, – деді ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының басшысы Константин Ильницкий.

Ол әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын автоматты түрде жинау және талдау жүйесінің қалай жұмыс істейтінін түсіндірді. Нейрондық желі деректерді негізінен өңірлік сауда желілерінің сайттарынан жинайды. Алынған ақпарат жедел шолулар мен талдамалық есептер түрінде ұсынылады, бұл баға өзгерістеріне жедел әрекет етуге және тұтыну нарығындағы жағдайды терең талдауға мүмкіндік береді.

– Бүгінде жанар-жағармай бағасын автоматты жинау, бақылауға алынатын тауарлар тізімін кеңейту, сондай-ақ барлық сауда нүктелері мен тауар түрлерін қамтуға мүмкіндік беретін кассалық чектер деректерін интеграциялау жұмысы жүргізілуде. Бұл нақты орташа тұтынушылық себетті қалыптастыруға жол ашады, – деп толықтырды Константин Ильницкий.

Спикердің айтуынша, көлік саласында да пилоттық режимде жолдардың жағдайын автоматты бақылау жүйесі – JoLScan іске қосылған. Компьютерлік көру автомобильдердегі бейнетіркегіштердің видеожазбаларын талдап, жол төсеміндегі ақауларды анықтайды және оларды векторлық белгілер арқылы салыстыра отырып, тарихын қадағалайды. Сонымен қатар геолокация арқылы олқылықтар картаға түсіріледі.

Жүйенің көмегімен жедел араласуды қажет ететін бес сындарлы аймақ анықталды.

Тағы бір цифрлық шешім көлік кептелістерімен күреске бағытталған. Интеллектуалды платформа бағдаршамдардың жұмысын бақылап, реттеп отырады. Бұл әсіресе таңертеңгі және кешкі қарбалас уақытта маңызды.

Сонымен қатар «Таза Қазақстан» ұлттық жобасы аясында жасыл екпелерді түгендеуге арналған мобильді қосымша әзірленді. Жүйе нысандардың координаттарын, сипаттамасын және фотосуреттерін тіркейді, ал бұл деректер компьютерлік көру және жасанды интеллект технологиялары арқылы өңделеді.

Облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев осы жұмысты жалғастырып, өңірдің барлық саласында цифрландыру мен жасанды интеллектті енгізуді қамтамасыз етуді тапсырды.

Еске сала кетсек, Мемлекет басшысы Жолдауында цифрландыру мен жасанды интеллектті дамытуға арналған бірыңғай тұжырымдамалық құжат – Digital Qazaqstan әзірлеуді тапсырған болатын.

Қарағанды облысында жасанды интеллект азық-түлік бағасын бақылауға көмектеседі

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *