Бауыржан Мырзакеров Қарағанды облысының прокуроры болып тағайындалды. «Қарағанды облысының прокуроры 3-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі Бауыржан Қыпшақұлы Мырзакеров болды», — делінген хабарламада.
Мырзакеров еңбек жолын 1997 жылы Қапшағай гарнизоны әскери прокурорының көмекшісі қызметінен бастады.
Әр жылдары Шымкент, Сарыөзек, Өскемен, Қапшағай гарнизондарының әскери прокуратурасында басшылық лауазымдарда жұмыс істеді.
Павлодар облысы Бас әскери прокурорының және прокурорының орынбасары, Бас прокуратураның күшіне енген үкімдердің заңдылығын және олардың орындалуын қадағалау қызметінің бастығы болды.
2019 жылдың сәуір айынан Нұр-Сұлтан прокуратурасын басқарды.